Home » Мақалалар » Сәтті өткен семинар

Сәтті өткен семинар

Нурова Мая Курманалиевна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№ 22мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
әдістемелік бірлестік жетекшісі 

«Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ» деп ғасыр басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей мектептің жүрегі саналатын мұғалімдердің біліктілігін, тәжірибесін арттыру өте маңызды. Тәжірибелі мұғалім мектепті алға сүйреп, оқушының білімді болуына септігін тигізеді. Осындай мақсатта 2022 жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№22 мектеп–гимназия» ШЖҚ МКК және Білімді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ тілі сабағында тілдің дағдыларды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты қалалық семинар жоғары деңгейде әрі әсерлі өтті.

Семинарды ББЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы мен                        № 22мектеп-гимназия  директоры Жүнісова Ботагөз Қолжабайқызы ашып, «Қазақ тілі сабағында тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбы пікірлерін ортаға салып, өзгелерге ой салды. Семинар барысында Серік Әукенұлы «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» деген тақырыпта баяндама жасап, мұғалімдерге оқылымның тиімді стратегияларын ұсынды әрі тәжірибесімен де бөлісті. Бұнымен қоса  семинарға қатысушы ұстаздармен практикалық интербелсенді жұмыс та жүргізілді. Ұстаздар топқа бөлініп                      Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі желісі бойынша оқушыларға «Блум таксономиясы» құрылымына сәйкес практикалық тапсырмаларға қоса оқылым дағдысын қалыптастырып, дамытуға арналған белсенді әдіс-тәсілдер әзірледі. Сондай-ақ мұғалімдер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға керекті кеңестер айтты. Соңында Серік Әукенұлы өзінің тәжірибесінен алынған «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сабағын ұсынып, сөзін қорытындылады. «Блум таксономиясы» бойынша тапсырмалар және оған сәйкес белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Екінші болып Мутаирова Б.К. сөз алып, «Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамасында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы екенін жеткізді. Семинар барысы әрі қарай секциялар жұмысы бойынша жалғасын тапты.

Семинар барысында 3 секцияға бөлініп, мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Әр секцияда 3 ашық сабақ өтіп, мұғалімдер шеберлігін көрсетті. Алғашқы секцияның бірінші ашық сабағын қазақ тілінен Нуртазина Ф.Т.                      3-сынып оқушыларымен «Бала Абай» атты тақырыппен бастап берді. Мұғалім шеберлігінің арқасында сабақтың тақырыбы ауқымды болса да сабақ мақсатына жетіп, тиімді әдіс-тәсілдер қолдануының нәтижесінде мазмұнды түрде өткізе білді. Сабақ барысында оқушылармен айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша жұмыс жүргізілді. Сабақ соңында қорытындылау үшін «Қолпаштау» әдісі, «Өзін-өзі бағалау» әдісі ұтымды қолданылды.

Алғашқы секцияның екінші ашық сабағы 6 «Е» сыныбында «Ұлы дала елі» атты сабақпен жалғасты. Пән мұғалімі Г.М. Байгозина сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім жаңартылған білім мазмұнына сай тапсырмалар құрастырғаны байқалады. Сабақты қорыту барысында «classtaime» платформасын қолданды. Оқушылар аталған тапсырманы орындау барысында жоғары белсенділік танытты. Бұдан оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін аңғаруға болады, сонымен қатар оқушылармен кері байланыс кезінде оқушылар өз қателерін тауып, олардың дұрыс жауабын айта білді.

Алғашқы секцияның үшінші ашық сабағы 9 «Б» сыныбында «Биотехнолог маман» дегеніміз кім?» тақырыбы бойынша өтті. Мұғалім Кизатулина Г.А. оқушылармен топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерін  жүргізді. Сабағында «Кір жаятын жіп», «Түртіп алу», «Сұрақ-жауап», «Ашық микрофон», «SMS» әдістерін ұтымды қолданды. Тыңдалым дағдысы бойынша оқушылар мәтіндегі ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтап өз пікірлерін сенімді дәлелдеп жеткізді. Кластер арқылы жұмыстарын қорғады. Сұрақ-жауап арқылы еркін өз ойларын жеткізе алды. Аудиомәтін, бейнежазбалар, слайдтар, үлестірмелі материалдар, презентация, суреттер, интерактивтік тақта қолданылды. Сабақ барысындағы ресурстар: Білім платформасы, ғаламтор, оқулық болды. Осымен алғашқы секция жұмысы да аяқталды.

Семинар барысындағы екінші секция жұмысының алғашқы ашық сабағын Әукенұлы Серік 4 «М» бастауыш сыныбында күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Сұлулықты сақтайық» тақырыбы бойынша өткізді. Сабақта барлық тапсырмалар оқу мақсаттарына сай құрастырылды.
Тыңдалым және айтылым дағдысымен жұмыста «Кубизм», «Сұрақ-жауап» және «Кестені толтыру» әдістерін қолданды. Бұл әдістер оқушылардың тыңдалым мәтінін түсінуін бақылауға және сөйлеу тілдерін дамытуға тиімді екеніне өзге мұғалімдердің көзін жеткізді. Барлық оқушылар әр мәтіннің түрін қатесіз ажырата білді. Жазылым дағдысына «4 қадам» әдісін қолданды. Әдістің тиімділігі оқушының ауызекі сөйлеу тілін және сөйлем құрастыра алу дағдыларын жақсы дамытады. Берілген жұмысты әр оқушы жеке орындап, кейін жұпта өздерінің сөйлемдерін өзара тексеріп, талқылады. Сабақ соңындағы бағалауда «Қол әдістері арқылы» бағалау және өзіндік бағалау түрлері болды.

Екінші секцияның екінші ашық сабағы 7 «М» сыныбында «Төрт түліктің пайдасы» атты ашық сабақпен жалғасын тапты. Пән мұғалімі                       А.И. Набиева сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданды. Сабақта оқушылар белсенділік танытты, әсіресе, оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап барысында оқушылардың білім деңгейі жоғары екені байқалды. Сабақта психологиялық ахуал тұғызып, оқушылардың ынтасын сабаққа аудара білді. Жаңа тақырыпты ашып, мәтіндермен тиімді жұмыс жүргізе білді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай таңдалынғаны айқын көрінді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім жаңартылған білім мазмұнына сай тапсырмалар құрастырғаны байқалады. Оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатысып, пәнге деген қызығушылықтарының жоғары екенін көрсетті. Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қарым-қатынас байқалды. Сабақты қорыту барысында «Kahoot!» платформасын қолданылды.

Екінші секция жұмысындағы үшінші ашық сабақ 10 «Д» сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәнінен физика пәнімен кіріктірілген сабақ өтті. Мұғалімдері  Базарова Г.С және Ифандопуло Е.Г. Сабақтың тақырыбы —  «Тұрмыстық қалдықтар». Сабақта топтық, жұптық және жекеше  жұмыстар жүргізілді. Сабақта «Сұрақ-жауап», «Ой қозғау», «Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру», «Түртіп алу» тәсілдері тиімді қолданылды. Мәтінмен жұмыс істегенде топтық жұмысты қолдану өте тиімді, ал ақпарат іздеген сабақ кезендерінде жұптық жұмысымен қолдану өте қолайлы болды. Физика пәнінің мұғалімі зерттеу әдістерін, Padlet тақтайшасын қолданып, тест жұмысын тексергенде «Online TestPad-ты» қолданды.

Семинар барысындағы үшінші секция жұмысының алғашқы ашық сабағын 5 «М» сыныбында  «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы» деген тақырыпта мұғалім М.Нурова жүргізді. Оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдысын қалыптастыруда «Миға шабуыл», «Уақыт тізбегі», «Шын-жалған», «Сағат тілімен жүру», «Plikers»  әдістері мен қосымшасын пайдаланды. Келесі ашық сабақты 8 «Л» сыныбымен өтті. Мұғалім                             Б.И. Макаеваның сабағы «Табиғаттағы биоалуандылық» деген тақырып бойынша жүргізілді. Сабақ басында жаңа тақырыпты болжау мақсатында «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Сабақта топтық, жұптық, жекеше түрлер арқылы жұмыстар өткізді. Ал жұптық жұмыста «Мен-саған, сен-маған» әдісі қолданылды. Оқушылар бірі-біріне сұрақ қойып, еркін жауап берді. Оқушылармен істелген жеке жұмыста «ПОПС» формуласы қолданылып, сабақтың қорытындысы жасалды. Алған ақпараттар бойынша өз пікірлерін айтты. Кері байланыс ретінде «SMS» әдісі арқылы «Биоалуандылықты сақтау үшін не істер едің?» деген сұраққа жауап жазды.

Секцияның келесі ашық сабағын 11 «В» сынып  мұғалімі Арстанова Рысты Урыстеновна «М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» бөлімі бойынша  «Ел болашағы» тақырыбында өткізді. Сабақ барысында оқушылар көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдады және салыстырды, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізді. Жазылым дағдысы кезінде анализ жасады, пікір білдірді. Фактілер мен мысалдар келтірді, қорытынды жасады. Ал айтылым дағдысында бір-бірімен ақпарат алмасты. Кері байланыс үшін «ПОПС формуласын» қолданды.

Мұғалімдердің «Қазақ тілі сабағында тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты қалалық семинары «Еркін микрофон» әдісі арқылы қорытындыланып, ұйымдастырушылар қатысқан барлық мұғалімге алғыс білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.