Өнімді ауыспалы егістерді өндіріс жағдайында пайдалану

Ғылыми мақаланың авторы
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу орталығындағы
ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі
Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы
15 мамыр 2026 жыл

Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы астық өндірісі егемендік алғаннан кейін нарықтық қатынастарға көшу нәтижесінде аграрлық саланың тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындады. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі аграрлық салаға тың өзгерістер жасау, жер қатынастарын қалыптастыру мен реттеу және ғылым мен техниканың соңғы озық үлгілі тәжірибелерін пайдалану еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты мәселе болып қала береді. Дүние жүзінде және республиканың солтүстік климат жағдайының тез өзгеруі өте құбылмалылығы, жылы болуы, топырақ түрлерінің әр түрлі алуан болуы, ауыл шаруашылығы дақылдарының әр алуан түрін өсіруге мүмкіндік береді және бұл өз кезегінде нарықтық экономика жағдайында астық өндірісінде экологиялық және экономикалық  тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан өңірлерінің шаруашылықтары үшін егіс алқаптарының құрылымын одан әрі  қарай дамыту мен жетілдіруді қажет етеді. Солтүстік облыстар негізінен өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіріледі. Әр түрлі топырақ-климаттық аймақтардағы көптеген агрошаруашылықтар егіншілік, өсімдік пен  мал азығын және жемшөп қорын дайындау бойынша мамандандырылған.

Соңғы 15-20 жылда өңірлердегі егіншіліктің дамуы басқа салаға түсті. Атап айтқанда аймақтарада өнімді егіншілік жүйесі туралы түсінік пайда болды. Өнімді егіншілік жүйесі  егістікті, өндіріс жағдайындағы танаптарды тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын сақтауға және біртіндер қалпына келтіруге, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және тұрақты өнімін алуға бағытталған өзара байланысты агротехникалық жаңа технологияларды, замануи ауылшаруашылық техникаларды қолдану және ұйымдастырушылық іс-шаралардың кешендері кіреді. Осы айтылған өнімді егіншілік жүйесі жалпы егіншілікті құрайтын ең басты саласың бірі ауыспалы егісте жүреді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын танаптарда өсіру кезеңІ бойынша дақылдардың қатарымен қарапайым кезектесіп ауысуы (сурет — 1).

Сурет -1 Өнімді ауыспалы егісте рентабелді дақылдардың кезектесіп орналасуы

Сурет -1 Өнімді ауыспалы егісте рентабелді дақылдардың кезектесіп орналасуы

Бұл фермер немес өндіріс шаруашылықтарының өздерінің  арнайы бір ішкі бағытта мамандандырылып үйлестіріледі және осы дақылдарыдың нарықтық сұраныстарына байланысты орналасады.

Солтүстік Қазақстанның кейбір қара топырақтарында егіншіліктің даму мәдениеті өте жоғары болған жағдайда және вегетация мезгілінде таза сүрі жер танабы әр гектар ауыспалы егістің жалпы көлемінен алынатын астықтың өнімін азайтып төмендетеді, нәтижесінде нақты нарықтық бағалау есебі экономикалық тиімсіздікке әкеледі және беткі топырақ қабатының біртіндеп тозуына әкеп соқтырады деген қортындыға келуге болады. Мысалы бәрімізге белгілі соңғы 50-60 жылдың көлемінде Солтүстік Қазақстан жағдайында әліде қазіргі кезеңде астықты-парлы ауыспалы егістері қолданылып келеді.    Осындай ауыспалы егістер өндіріс жағдайында дәнді дақалдардың, әсіресе, жаздық бидайдың 75%-ын және таза сүрі жер танабы 25%-ын құрайды. Осылай кезектесіп орналасқан ауыспалы егістерде егістік егіліп өсірілетін жерлер тиімді пайдаланылмайды. Өндіріс  жағдайында 1000 гектар егістік жердің 750 гектары тек жаздық бидай дақылы себіледі және басқа ауыл шаруашылық дақылдармен кезектесіп ауысып орналаспайды, ал қалған 250 гектар егістік таза сүрі жер танабына қалдырылады, басқа ешқандай ауыл шаруашылығы дақылдары себілмейді. Таза сүрі жер егістігін дайындау кезеңінде танап 21 ай бойы бос өнім бермейді және вегетация кезеңінде егістіктің беткі қабаттары арамшөптерге қарсы және ылғал қоры жиналынады деп, тек топырақ 5-6 рет өңделініп, нәтижесінде егістік су, жел және биологиялық эрозияға ұшырайды (сурет-2).

Сурет-2 Астықты-парлы ауыспалы егісіндегі су эрозиясна ұшыраған таза сүрі жер танабы

А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егіс зертханасының көп жылдар бойы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша өңірлердегі егістік құрылымдарын әртараптандыруға төмендегі рентабельді ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тиімді болып табылатынын көрсетті. Әсіресе, ауыспалы егістердің егістік құрылымдарын әртараптандыру бағытында дәнді дақылдар арасынан күздік қара бидай, күздік, жаздық тритикале, қатты бидай, арпа, сұлы, тарыны, дәнді-бұршақты дақылдарынан асбұршақ, ноқат, жасымақты, майлы дақылдардан зығыр, күнбағыс, қыша, жаздық рапсты және жемазықтық дақылдардан асбұршақ+сұлы қоспасы, судан шөбі мен мал азықтық жүгері, ерте пісетін мал азықтық могардың гибридтері, көп және бір жылдық шөптерді кіргізуге болады.

Көп жылдық алынған ғылыми деректердің нәтижесі бойынша таза сүрі жер танабынан кейін өсірілген жаздық бидайдан 18,6 ц/га өнім алынса, ал минималды пардан кейін 19,5 ц/га құрады немесе қосымша 0,9 ц/га астық өнім алынды. Ал бір орында үзіліссіз себілетін жаздық бидайға гербицид мен тыңайтқышты қолданғандағы өнімі 18,5 ц/га құрап, таза сүрі жер танабы алғы танабы мен бір деңгейде өнім алуға болатыны байқалды (кесте — 1).

1-кесте – Өнімді ауыспалы егістеріндегі ауылшаруашылық дақылдары мен алғы дақылдарынан кейінгі алынған өнімділігі

Әр түрлі алғы дақылдардан кейінгі себілген жаздық бидайӨнімділігі,  ц/га
Таза сүрі жер танабынан кейінгі себілген жаздық бидай              18,6
Минималды пардан кейінгі себілген  жаздық бидай19,5
Қыша дақылынан кейінгі себілген жаздық бидай18,5
Майлы зығыр  дақылынан кейінгі жаздық себілген бидай16,6
Жасымық  дақылынан кейінгі себілген жаздық бидай16,9
Асбұршақ дақылынан кейінгі себілген жаздық бидай17,4
Арпа дақылынан кейінгі себілген жаздық бидай17,6
Бір орында үзіліссіз себілетін жаздық бидай (гербицид мен тыңайтқышты қолданғанда)18,5

Ауылшаруашылығы дақылдарын минималды пар танаптарынан кейінгі себілген рентабельді дақылдар

Минималды пардан кейінгі себілген қыша дақылы15,4
Минималды пардан кейінгі себілген майлы зығыр дақылы11,7
Минималды пардан кейінгі себілген жасымық дақылы11,7
Минималды пардан кейінгі себілген асбұршақ дақылы15,5

Аңыздық алғы дақылдардан кейінгі себілген рентабельді дақылдар

Аңыздықтан кейінгі себілген қыша дақылы15,9
Аңыздықтан кейінгі себілген майлы зығыр дақылы12,1
Аңыздықтан кейінгі себілген жасымық дақылы12,3
Аңыздықтан кейінгі себілген асбұршақ дақылы14,9
Аңыздықтан кейінгі себілген арпа дақылы21,7

Ал басқа алғы дақылдардың алынған жаздық бидайдың өнімі 16,6- 18,4 ц/га аралығынды болды. Бұршақ және басқа майлы дақылдардан кейінгі өсірілген бидайлардан 11,7 пен 15,5 ц/га алынды. Аңыздық алғы дақылдар себілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнімділігі 12,1-15,9 ц/га құрады. Айта кететін бір жағдай дәнді дақылдар арасынан арпа дақылын аңыздыққа себілгенде жоғары 21,7 ц/га астық өнімін берді.

Қорыта келгенде аймақтардағы егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін одан әрі қарай дамытып, жаңа өнімді егіс жүйесіне біртіндеп көшуді қажет етеді. Бұл жүйеде ауыспалы егіс жүйесінің, яғни дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін есепке алу арқылы алмастырылады, яғни бір өсімдік топырақты қажетті заттармен байытады, ал кейбір дақылдар керісінше тоздырады. Дақылдардың құрылымын құрастыру кезеңінде әр түрлі ауыспалы егістер буынында жоғары рентабельді дақылдардың үлес салмағы болады. Ауыспалы егістегі егістіктер және мезгіл бойынша дақылдардың қарапайым өз ара ауысуы, бұл нарықтық сұраныстар мен өндірістегі экономиканың жай-күйін ескере отырып, оны үнемі түсінуді талап ететін кезеңдегі бірнеше жылға атқарылатын жұмыстар жиынтығы. Өнімді ауыспалы егісте заманауи ақпараттық жүйелерді қолдану ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және геоақпараттық жүйелерді жаһандық жайғастыру жүйелері (GIS), жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) және тағы басқалары негізінде ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің өндірісін басқаруға кешенді тәсілдеме болып табылады. Нәтижесінде шаруашылықтар қаржылық таза пайда табады және экономикалық тиімділігі артып, өндіріс одан әрі дамиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *