Home » Айтарым бар » Балаларға шаттық сыйлаған жазғы лагерь

Балаларға шаттық сыйлаған жазғы лагерь

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйге толы жазғы лагерь ашылды. Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №188 мектеп-гимназияда көптен күткен жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жазғы демалыстың алғашқы күнін асыға күткен оқушылар үшін ұйымдастырылған мерекелік шара ерекше көңіл-күй сыйлап, балғындардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.
Мектеп ауласы бұл күні шаттыққа, қуанышқа және балалық күлкіге бөленді. Әсем әуенмен басталған мерекелік жиында балалар түрлі ойындарға қатысып, өздерінің ептілігі мен белсенділігін көрсетті. Ұйымдастырушылар әзірлеген қызықты эстафеталар мен көңілді сайыстар оқушылардың жазғы демалысын әсерлі бастауына мүмкіндік берді.

Шара барысында балалар заманауи әуен ырғағымен флешмоб билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бірлік пен достықты дәріптеген би композициясына қатысқан оқушылардың қуанышы жүздерінен анық байқалды. Әрбір бала өз өнерін көрсетіп, жазғы демалыстың алғашқы күнін ерекше есте қалдырды.
Мерекенің ең тәтті сәттерінің бірі – балаларға балмұздақ таратылуы болды.

Балғындар сүйікті тәттілерінен дәм татып, жазғы ыстық күнде сергіп қалды. Сондай-ақ ұлттық тағамымыздың бірі – ыстық бауырсақ ұсынылып, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Қазақы қонақжайлықтың белгісіндей болған бұл дастарқан оқушылардың көңілінен шықты.
Жазғы сауықтыру лагерінің басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қызықты демалыс ұйымдастыру. Алдағы уақытта лагерь аясында түрлі танымдық, спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Лагерьдің алғашқы күнінде балалардың бір-бірімен жақын танысып, достық қарым-қатынас орнатуына бағытталған тимбилдинг ойындары ұйымдастырылды.

Қызықты тапсырмалар мен топтық сайыстарға белсенді қатысқан оқушылар ұйымшылдықтың, өзара қолдаудың және бірлесіп әрекет етудің маңызын түсінді. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл шара балалардың жазғы демалысын жарқын әсермен бастауына мүмкіндік берді.
№188 мектеп-гимназиясында өткен лагерьдің ашылу салтанаты балалар үшін ұмытылмас мерекеге айналып, жазғы демалыстың жарқын бастамасы болды. Балғындардың шат күлкісі мен қуанышқа толы жүздері ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі болды.

Ақерке Амангелдіқызы
Алматы қаласы
BILIM AINASY

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.