Жаңалықтар

Алғашқы қоңырау — білімге бастар жол
1 қыркүйек — барша ұстаздар мен оқушылар үшін ерекше мәнге ие мереке. Бұл күн — білім әлеміне алғашқы қадам басқан бүлдіршіннің жүрегіндегі толқыныс пен алтын ұясындағы соңғы оқу жылын бастаған түлектің тебіренісі тоғысатын тағылымды күн. Осыған орай №219 жалпы білім беретін мектебінде 2026- 2027 жаңа оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау — білімге бастар жол!»…

Балаға дұрыс бағыт – жарқын болашақ кепілі
Ұстаздық – жүрекпен таңдалатын, жауапкершілігі мол, адам тағдырына тікелей әсер ететін қасиетті мамандық. Бүгінгі педагогке қойылатын талап та биік. Ол тек өз пәнін жетік білетін маман ғана емес, әр баланың жан дүниесін түсінетін психолог, заман талабын меңгерген жаңашыл, құқықтық сауатты әрі кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға ұмтылатын тұлға болуы тиіс. Осы жауапкершілікті терең сезінуге мүмкіндік беретін…

Жаңа оқу жылы – жаңа серпін
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №184 бөбекжай-балабақшасында жаңа 2026-2027 оқу жылының басталуына орай жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Тағылымы мол басқосудың басты мақсаты – ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру және бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру болды.Жиын ерекше әсерге толы концерттік бағдарламамен ашылды. Мектепалды даярлықтағы «Айгөлек», «Тұлпар» және ересек «Ақжелкен» топтарының бүлдіршіндері өнер…

«Мектепке жол»: 78-гимназияда әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсетілді
78 мектеп-гимназия директорыСадвакасова Кундыз Кажыгалиевна Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №78 мектеп-гимназиясында дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың балаларына жан-жақты көмек көрсетілді.Игі бастама аясында аз қамтылған, көпбалалы және материалдық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.Акция барысында 32…

«Мектепке жол»: мейірім мен қамқорлыққа толы игі бастама
Алматы қаласы Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Бәтен Рүстенбекқызының басшылығымен жаңа оқу жылына дайындық және әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушылардың жағдайы зерделеніп, көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Бұл…

«Мектепке жол» — балаға қолдау, болашаққа сенім
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,№70 жалпы білім беретін мектебі Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №70 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Игі бастама мектеп меңгерушісі Удуримова Шара Сабырқызының басшылығымен жүзеге асып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуына жан-жақты көмек көрсетілді.Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен…

«Мектепке жол»: әр балаға – қуаныш, әр отбасыға – қолдау
№122 ЖББМ КММ директоры: Дусимбаева Молдир УсеновнаӘлеуметтік педагог: Сайнов Алмат Дайрабайұлы 2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Игі бастаманың басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсету, олардың жаңа оқу жылына толыққанды дайындалуына жағдай жасау. Осы акция аясында Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №122 жалпы білім беретін…

«Мектепке жол» – мейірім мен қолдаудың ортақ мекені
Алматы қаласы, Медеу ауданы№220 жалпы білім беретін мектебімектеп директорыАширбекова Манат Сагинбековна Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы – қоғамды біріктіретін ең игі шаралардың бірі. Әр жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтетін бұл науқан әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап қана қоймай, ұлттық бірлік…

«Мектепке жол»: мейірім мен жанашырлыққа бастар ізгі қадам
Жақсылық жасау – адамзатқа ортақ ең асыл қасиеттердің бірі. Біреуге қолдау көрсету, мұқтаж жанға көмек беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту – жүректегі мейірімнің көрінісі. Осындай ізгі құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын қайырымдылық акцияларының тәрбиелік мәні ерекше. Қалыптасқан дәстүрден айнымай биыл да жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №211…

Енді оқу ісінің меңгерушілері сабақ кестесін санаулы минут ішінде құра алады: BilimClass бұл процесті автоматтандырды
Жаңа құрал педагогтердің жүктемесін ескеріп, сабақтардың қабаттасуына жол бермейді Мектеп кестесін құрастыру — бірнеше аптаға дейінгі уақытты алатын әрі көп жұмысты қажет ететін процесс. Әкімшілік педагогтердің жүктемесін, кабинеттердің бос болуын ескеріп қана қоймай, сабақтардың қабаттаспауын қамтамасыз етуі керек. Енді бұл жұмысты толықтай автоматтандыруға және жеңілдетуге болады. Bilim Group EdTech экожүйесі әзірлеген тегін BilimClass электрондық журналында…








