Әжемнің қайшысы

Мұратжан Аружан Ерзатқызы,
Алматы қаласы,
Алатау ауданы

Мақаламның басын «Қайшының жүзі өткір болса, іс тез бітеді» деген жақсы нақыл сөзбен бастағанды жөн көріп отырмын. Өйткені біздің отбасымыздың ең қымбат жәдігері – әжемнің қайшысы. Бұл қайшы менің анам- Сандуғаш, нағашы апам — Гүлмира, нағашы әжемнің анасы Сара апамның қолданған қайшысы.
Нағашы әжем Сара апам қолөнерші.  Бала кезден анасы қолданған  қайшыны әжем жастайынан тігін тіккен кезде қолданып, үйренеді. Кейін өзі де киім тігуді жақсы меігеріп алып, бүкіл ауыл адамдарының киімдерін өзі тіккен. Немерелеріне киім тігіп, отбасыға қажет бұйымдар жасаған.

Қайшы-отбасының ең алғашқы тігін құралы болған. Ол — еңбекқорлық пен ұқыптылық символы болып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Әжемнің айтуынша, бұл қайшы оған анасынан қалған естелік екен. Қайшының сабы темірден жасалған, бірақ уақыт өте келе тозғанына қарамастан, әжем оны әлі де сақтап келеді. Бұл қайшы тек тұрмыстық құрал ғана емес, әжемнің еңбекқорлығы мен өмірге деген сүйіспеншілігінің белгісі. Қазір бұл жәдігер менің анамның қолында. Анам Есенбекова Сандуған Мырзабекқызы жеке кәсібін ашып, жұмысын бастаған сәтте кәсібінің бойтұмасы ретінде қайшының сұлбасын логотип ретінде жасады. Және  күнделікті жұмыс жасау барысында әжемнің қайшысын қолданып жүр. Қанмен берілген қолөнер анамнан маған дарыған деп білемін. Қазіргі таңда ұлттық нақыштағы киімдер, қыз жасауы, көрпе, төсеніштерді жасаудамын. Әрине, оған анамның септігі бар. Себебі, анасынан қалған жәдігер арқылы өз қолымыздан келген бұйымдардың барлығын қалай жасау керектігін жалықпай үйретіп, іспен дәлелдеп келеді.  Әжемнен  қалған жәдігер мен үшін мақтаныш. Анам үнемі айтып отырады «көзіңнің қарашығындай ғып сақта, бұл өте көне жәдігер» деп.  «Өнерлінің қолы алтын»-демекші әжеміздің бойындағы өнер бізге де жұғысты болсын ниетпен көздің қарашығындай сақтаудамын. Өзімнен кейінгі іні-сіңлілеріме де айтып отырамын. Қайшыны ұстаған сайын әжемнің мейірімді жүзі мен алтын қолы еске түседі.
Мен бұл қайшыны қасиетті жәдігер  ретінде келер өз ұрпағыма  аманат еткім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *