Home » Білім және тұлға »  «Ыбырай ізімен…» атты  экспедиция мүшелері Қостанайда ыбырайтанушылармен бас қосты

 «Ыбырай ізімен…» атты  экспедиция мүшелері Қостанайда ыбырайтанушылармен бас қосты

Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың мұғалімдері, ыбырайтанушылар Елордадан арнайы келген «Ыбырай ізімен…» атты экспедиция мүшелерімен дөңгелек үстелде бас қосты.

Бұл шараның мақсаты — Ы. Алтынсаринді әлемдік деңгейге көтеру, Ыбырайтану  мәселелерін зерттеу, жұрт арасында жалпы ағартушылықты дәріптеу болды. Елімізге белгілі қоғам қайраткерлері Ғ. Есім, С. Негимов,    Ж. Қараев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев тарихи тұлғаның ағартушылық, өнегелік мұрасын мазмұнды баяндай келіп, келелі ойларымен бөлісті.

Жиын барысында білім саласында қызмет етіп жүрген білікті басшылар, білім саласының үздіктері, ыбырайтанушылар Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің, вице-министр Ш. Каринованың,  академия президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі                    Ш. Каринова бұл жиынға онлайн қатысып, жиынға қолдау білдіргені үшін Қостанай облысының әкіміне министрдің алғысын жеткізді. Кездесу соңында  ағартушы-ұстаздың жарқын есімі ардақталып, ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды.

Ағартушы-ұстаздың 180 жылдығын кең көлемде ел болып атап өту республика көлемінде өз жалғасын таба бермек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.