«Ыбырай ізімен…» атты экспедиция мүшелері Қостанайда ыбырайтанушылармен бас қосты
Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың мұғалімдері, ыбырайтанушылар Елордадан арнайы келген «Ыбырай ізімен…» атты экспедиция мүшелерімен дөңгелек үстелде бас қосты. Бұл шараның мақсаты — Ы. Алтынсаринді әлемдік деңгейге көтеру, Ыбырайтану мәселелерін зерттеу, жұрт арасында жалпы ағартушылықты дәріптеу болды. Елімізге белгілі қоғам қайраткерлері Ғ. Есім, С. Негимов, Ж. Қараев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ….








