Карина Алишеровна Гусейнова
БҚО, Бөрлі ауданы, Достық ауылы
«Александров мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің» оқушысы
Жетекшісі: Срымова Зарина Сериковна
Мұғалім

Мәртебелі мамандық,
Таңдауына адалдық.
Мұғалім жолы – сара жол,
Қағатын оны жалау тік!

Көзімді ашатын біліммен,
Айналдым қоңыр үніңнен!
«А» мен «Б»-ны үйретіп,
Шығардың сөздер тілімнен.

Сан шәкірт өтті қолыңнан,
Мен де еріп келем соңыңнан.
Өзіңдей жанға кезігіп,
Айым да туды оңымнан!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.