Жаңалықтар легі

Бақытты отбасы – бақытты қоғам

Отбасы күніне арналған отбасылық спорттық сайыс

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, тәрбие мен тағылымның алтын бесігі.
Отбасы күніне орай №219 жалпы білім беретін мектепте «Бақытты отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде басталды.
Мектеп директоры Раева Гүлжазира Бекеновна қатысушы отбасыларды Отбасы күнімен құттықтап, отбасының бала тәрбиесіндегі орны мен мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара аясында мектептің педагог-психологы ата-аналар мен балалар арасында өзара сенімділік пен түсіністікті, отбасылық бірлікті нығайтуға бағытталған қызықты тренинг өткізді. Тренинг барысында отбасы мүшелері бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Спорттық сайыс барысында қатысушы отбасылар түрлі көңілді эстафеталарда бақ сынады. Әкелер мен аналар балаларына қолдау көрсетіп, ал балалар ата-аналарымен бірге жеңіске ұмтылды. Әр кезеңде қатысушылар ептілік, шапшаңдық, төзімділік, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің тамаша үлгісін көрсетті.
Сайыстың басты ерекшелігі – жеңіске жету ғана емес, ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізіп, бір команда ретінде әрекет етуі, ортақ қуаныш пен жарқын әсерге бөленуі болды.
Іс-шара соңында сайыс қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен отбасылар марапатталды. Сонымен қатар белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай тағылымды іс-шаралар мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, балалардың бойына отбасына деген құрмет, салауатты өмір салты, бірлік пен жауапкершілік секілді маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Берік отбасы – берекелі елдің тірегі.
Бақытты бала – бақытты отбасында өседі.
Бақытты отбасы – бақытты қоғамның негізі!

Ақерке Амангелдіқызы
Алматы қаласы
BILIM AINASY

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *