Home » Білім » Білім беру саласын дамытуға арналған республикалық форум  өтті

Білім беру саласын дамытуға арналған республикалық форум  өтті

Білім саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес. Білім саласындағы оң өзгерістер мен педагог мәртебесінің артуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұйымдардың бірі «Педагогика және инженерия экологиясы ғылымдарының халықаралық академиясы» қоғамдық қорын айтуға болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Еліміздің әл-ауқаты мен білім беру саласын дамытуға көзқарас» тақырыбындағы ІІ Республикалық форум  еліміздегі педагог әйелдерге арналды.

Форумның мақсаты – туған жеріміздің гүлденуіне айтарлықтай үлес қосуға дайын өзін-өзі дамытушы тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білім берудің негізгі бағыттарын талқылау және анықтау. Аталмыш жиынға еліміздің өңірлерінен педагог әйелдер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Форумда педагог әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлі талқыланды. Әйелдер ең алдымен ана болу үшін жаратылғаны жөнінде әлеуметтік ой-пікір сабақтады. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдары қоғамдағы педагог әйелдердің мәртебесі мен білім беруде кәсіби қабілетін арттыруға бағытталған қызметтері де сарапқа салынды.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры  Светлана Исмагулова қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жолында педагогтер рөлінің маңыздылығын атап өтті. Бұл мақсатта педагогтердің өз жұмысында ұлттық құндылықтарға баса назар аудару қажет. Осы орайда, педагогтерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрсын Кунекова қоғамның рухани дамуы үшін педагогтер де, ата-аналар да жас ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеу керектігін айтты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.