Home » Балабақша » Балабақша педагогтері арасында байқау өтті

Балабақша педагогтері арасында байқау өтті

«Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен шеберлік сыныптары байқауы өтті. Конкурсты  ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ұйымдастыруды. Шараның мақсаты —  мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, оларды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге баулу, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты нығайту, қазақ тілі педагогтерінің үздік тәжірбиелерін жинақтау және тарату.

Байқау үш кезеңде өткізілді:

1 -аудандық (қалалық);

2 — облыстық;

3 — республикалық.

Республикалық кезеңге 14 өңірден өтінімдер (Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Алматы, Шымкент қалалары) келіп түсті.

Байқау ережесіне сәйкес, арнайы комиссия құрылып, бағалау критерийлері бойынша қатысушылардың бейнероликтері қаралды. Бейнематериалдың сапасы, шеберлік сыныпты өткізу орнының ұлттық нақышта безендірілуі, педагогтың сөйлеу мәнері, көрнекі құралдардың қолданылуына сайкес ең үздік педагогтер анықталды.

Бас жүлде Жукенова Гульшара Сагымбаева. Жоғары санатты педагог, еңбек өтілі — 31 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы «Алтын бесік» бөбекжай балабақшасының педагогі.

I орынАлиева  Эльмира Айдархановна. Педагог-модератор,  еңбек өтілі — 11 жыл, Қызылорда облысы білім басқармасы  Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжай-бақшасының педагогі.

II орынКабылкакова Индира Гализатовна. Педагог-сарапшы, еңбек өтілі — 5 жыл, Алматы облысы, Талдықорған қаласы №45 «Арман» балабақшасының педагогі.

 III     орынКадирсизова Айдана Аскаровна. Бірінші санатты педагог, еңбек өтілі — 7 жыл, Алматы қаласы №185 бөбекжай-балабақшасының педагогі.

ІІІ орынТлегенова Айгуль  Уразбаевна.Педагог-зерттеуші, еңбек өтілі — 17 жыл, Павлодар облысы, Ақсу қаласы білім беру бөлімі «Айналайын» сәбилер бақшасының педагогі.

Республикалық кезеңде орын алған жеңімпаздардың бейнематериалдарын «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz сайтынан, сондай-ақ орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре аласыздар.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.