Home » Білім және тұлға » Ы.Алтынсарин мерейтойы Академия қабырғасында

Ы.Алтынсарин мерейтойы Академия қабырғасында

10 наурызында  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру орталығымен» бірлесіп қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы  Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай,  «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары: кеше, бүгін, ертең»  атты конференция өткізді.

Конференцияның өткізілу мақсаты – ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринді қазақ халқының тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға ретінде кеңінен таныстырып, еңбектерінің жаңа қырларын ашу. Сондай-ақ, оның өшпес ілімі мен өнегелі мұраларын жас ұрпаққа дәріптеу.

Орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандитаты Әкімжан Сайлыбаев конференцияны ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.  Шараға республиканың педагогтері мен Алтынсарин музейінің басшылары, ыбырайтанушы-зерттеушілер және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қатысты.

Баяндама жасаушылар ұлт ұстазының еңбектерін, ағартушылық қызметіне тоқталып, жаңа қырынан ашып көрсетті.

Шара барысында жиынға қатысушылар республика аумағында Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларының өзектілігі төңірегінде ой-пікір алмасты.  Алдағы уақытта Алтынсарин мұражайларына виртуалды саяхат ұйымдастыру жоспарланды.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.