Home » Сценарийлер »  «Балабақшамызда кіші олимпиада» тақырыбында эстефеталық сайыс

 «Балабақшамызда кіші олимпиада» тақырыбында эстефеталық сайыс

 Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігін арттыру. Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдылыққа, төзімділікке, отансүйгішдікке тәрбиелеу. Мектепке дейінгі балаларды ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге үйрету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: эстафеталық сайыс-сабақ.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойын.

Құрал-жабдықтар: кіші доптар, кілемдер, обруч, шашка тақтайшалары, арқан, суреттер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: — Армысыздар, құрметті әріптестер! Біздің балабақшамыздағы кіші олимпиадаға қош келдіңіздер!

Олимпиаданың ашылу сәті.

Кіші олимпиадаға қатысушы тәрбиеленушілер үш топқа бөлініп (Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары), үш елдің гимнімен залға кіреді.

Мұғалім: Балалар, бүгін бізде спорттық мереке. Балабақшамызда кіші олимпиада өткіземіз.

Ғажайып сәт: Залға Аю олимпиаданың символы – олимпиадалық жалауды ұстап кіреді.

Аю балаларға сәттілік тілейді.

Аю: Балалар, олимпиадаға дайынсыңдар ма?  

Балалар: Ия.

Аю: Өздеріңмен бірге шапшаңдықты, батылдықты алып келдіңдер ме?

Балалар: Ия.

Аю: Олай болса, денемізді сергітіп алайық. Сергіту сәті.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі олимпиадамызда Аю бізге қазылық етуге көмектеседі. Қанекей, әр топ өз ұранымызды айтайықшы…

Ресей тобы: Олимпийцы лучше всех, Олимпийцы ждет успех.

Қазақстан тобы: Аспанда жұлдыз, жерде біз – жеңілмейміз, жеңеміз.

Америка тобы: It is wonderful We are sure, We wish we could to win olympiade.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Эстафетамыздың кезеңдерімен танысып өтейік.

  1. «Кім жылдам?» ойыны – Үлкен доппен секіріп көрсетілген жерге дейін секіріп барып келу.
  2. «Бағдаршам» ойыны – Әр топ өздеріне айтылған түстегі кіші доптарды себеттеріне жинау керек.
  3. «Кедергіден өту» — Кілем үстінен аунап көрсетілген жерге дейін жүгіріп барып қайтып келу.
  4. «Ертегі кейіпкерін тап» — Әр топ бір ертегі кейіпкерін тақтайшаға жинау  керек.
  5. «Нөмірмен шағыру» —  Әр балаға бір сан айтылады, қай сан аталса сол сандағы бала белгіленген жерге дейін жүгіріп барып келеді.
  6. «Шашка» — шашка тақтайшасына тастарды орналастыру, әр топтан бір бала шығады.
  7. «Арқан тарту» — Барлық топ бірдей қатысып арқан тартысады.

Аю балалардың   жинаған  ұпайларын балалармен  бірге әр топ өз тілінде санайды.

Жеңіске жеткен топ балаларын  құттықтап,  марапаттау.

Аю: Балалар сендерге  үлкен рахмет!  Әр уақытта осындай үлгілі, ұйымшыл, көңілді болып жүрулеріңе тілектеспін. Сау болыңыздар!

Хор.  «Көк тудың желбірегені».

Мирзахмедова Огулжан Таировна

                                                               «Айша-Биби» бөбекжай-балабақшасының

                                    дене шынықтыру пәні мұғалімі

                                            Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                     Қарнақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.