Жаңалықтар легі

«Ана- өмір шуағы» атты ертеңгілігінің сценарийі

Узайрова Айнур Нагиметуллаевна
Алматы қаласы
КМКҚ «№101 бөбекжай-балабақшасы»
тәрбиеші

 Ересек «Марғаулар» тобының 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана- өмір шуағы» атты ертеңгілігінің сценарийі


Мақсаты: 
Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.  Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!
8-Наурыз Халқаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық.
Аналардың мерекесін бастайық,
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің , әр айың.

Ардақты ана, аяулы ана, кымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағың аясыңдай гүл бақтың.
(Көңілді әуен ырғағымен ән-күй залына балалар билеп кіреді).

Каусар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, сүйікті апайлар мен адемі қыздар!
Алишер: Сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Каусар: Білесің бе, Нұрбол ана деген- керемет асыл жан, менің анам не айтсам соны алып беріп, түнде шөлдесем тұрып шырын береді.
Алишер: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда бетімнен сүйіп, жылы сөздер айтады.
Каусар: Ендеше аналарымызға арнап ән айтып берсек қалай қарайсың?
Алишер: Дұрыс айтасың Каусар, «Анашым» әнін сіздерге арнаймыз.
Қабыл алыныздар!
Ән «Анашым».
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, енді біздің балалардың асыл әжелері мен аяулы аналарына арнаған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Ксения:
Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бакытты анаменен.
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп , лапылдап жана берем.

Айкөркем :
Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Қуаныш:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Эмилия:
Мамины руки – тепло,
Мамины очи — светло.
Мамина сказка во сне,
Мамины гены во мне.
Мамины мысли со мной.
Маме поклон мой земной.

Кәусар:
Ақ әжемді ардақтап,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Тақтақ айтып беремін.

Идрис:
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем салып, бүгін сені,
Мейрамыңмен құттықтаймын!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің қыздарымыздың орындауында «Кемпірқосақ» биі сіздерге арналады.
Би: «Кемпірқосақ» (қыздар биі).
Әсем әуен ойналып, залға Ару Көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені танисыңдар ма? (Балалар жауап береді).
Дұрыс айтасыңдар, мен Ару Көктеммін! Мен осында аналар мен әжелерді, кішкентай қыздарды 8-наурыз мерекесімен құттықтауға келдім!
Жүргізуші: Рахмет саған Ару Көктем! Енді біздің балалардың өнерлерін тамашала.
(Балалар Ару Көктемге арнап ән айтып береді).
Ән: «Көктем келді».
Көрініс: «Әжелер».
Жүргізуші: Тағы кім аналарына, әжелеріне арнап тақпақ айтып бергісі келеді екен.
Бақберген:
Roses are red
Violets are blue
Your my mum
And I love you

Ален:
My Mom is pretty
My Mom is sweet
My Mom is the best mommy
You will ever meet

Алима:
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.

Полина:
Мне мама приносит,
Игрушки конфеты.
Но маму люблю я,
Совсем не за это.
Весёлые песни,
Она напевает.
Нам скучно в двоём,
Никогда не бывает.

Еркежан:
Ақ жүрекке сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.

Мадина:
Анам, анам, ақ анам,
Менде өзіңдей ақ болам.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.

Муслим:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Би: «Мерседес».  (Ұлдар биі).
Ойын: «Ана мен бала».
Би: «Папина дочка».
Көрініс: «Үлгілі отбасы».
Жүргізуші:  Ару-Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Кәне, балалар, енді баріміз бірге би билейікші.

Би: «Жан анашым».
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың директоры Гүлжан Сатбековна ханымға береміз.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа.
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа. Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *