Home » Ашық сабақтар » Мнемотехника технологиясын пайдалану арқылы баланың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Мнемотехника технологиясын пайдалану арқылы баланың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:

— Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап, өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

— Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

— Мнемокестелер арқылы  ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.

Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:

— Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу;

— Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;

— Баланың сөздік қорын молайту;

— Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

— Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.

Көрнекілік құралдар: Мнемокестелер: ертегілер, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар, геометрик пішіндер,гуаш, проектор, слайдтар.

Кейіпкерлер: Дымбілмес, Буратино, Алдар көсе, мысық пен түлкі.

Билингвалды тәсіл: Үй — дом — home,  тиін — белка – squirrel.

Сабақтың  барысы:

Залға көңілді ән ырғағымен балалар кіреді.

Психолог: Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Психолог: Бүгінгі күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алып, бір бірімізге сәттілік тілейікші.

Шаттық шеңбері:

Алақан мен жылуды

Айналаға таратайық.

Бір-бірімізге жақындасып,

Бақыт күлкі сыйлайық.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті

Сіздерге біз арнайық.

Психолог:  Балалар, сендерге жақсы жаңалығым бар. Бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келеді екен. Ол өз Дымбілместігін қойып, сендерден сабақ үйренбекші екен. Сол үшін сендерге бір сандық сыйлық әкеле жатыр екен. Сол кезде Дымбілмес жылап кіріп келеді.

Психолог: Саған не болды, дімбілмес? Бір сандық сыйлығыңның кіліті қайда?

Дымбілмес(жылайды): Жолда келе жатсам мысық пен түлкі сандықтың кілтін ұрлап алып бөлектерге бөліп тастады. Ол кілітті жинау үшін маған мына тапсырмаларды берді. Мен Дымбілмеспінғой тапсырмалардың жауабын таба алмаймын, көмекке достарым Алдар көсе, Буратиноларды шақырсам, оларды да қамап тастады.

Психолог: Сен көп мұңайма, менің балаларым ақылды, сенің тапсырмаларыңды шешуге көмектеседі. Кәнікей, балалар, айтыңдаршы Дымбілмеске, біз қандай балалармыз?

Балалар:

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып,

Дұрыс жауап табамыз.

Педагог: Қане, көрейікші тапсырмаңды.

Дімбілмес бірінші тапсырманы береді

Психолог:  Балалар, 1-тапсырмада әр түрлі геометрік пішіндер көрсетіліпті. Сол пішіндерді ретімен жіпке тізу керек екен.

Балалар суретке қарап геометрлік пішіндерді жіпке түзеді.

Психолог: Жарайсыңдар, балалар!

Сол кезде Алдар көсе қолында домбырамен ән айтып, балаларға: — Балалар, сендер оңай тапсырманы шешіп, кілттің бір бөлігін алам дейсіңдер ме? Менде және екі жұмбақ бар, олар суреттер арқылы берілген.

  1. Жерде тұрар қорапша

    Алды жаны көп айна

    Онда адам тұрады

    Оны кім табады?

(үй)

  1. Ағаш болар – мекені

    Жаңғақ болар – жегені

    Түлкідей құйрығы бар

    Қанекей бұны кім табар?

(тиін)

Алдар көсе: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылды балалар екенсіңдер, міне сендерге кілттің бір бөлігі.

Психолог: Балалар, енді сол жұмбақтың жауабын үш тілде айтайықшы:

Балалар:  Үй — дом — home,  тиін — белка – squirrel.

Психолог: Енді соны құмнан жасап көрейік.

Балалар құмнан үй жасап, таяқшамен қағазды қырып тұрып тиінді шығарады.

Психолог: Дымбілмес, көрдің бе, балалардың ақылдылығың, қанекей екінші тапсырмаңды бере ғой. (Дымбілмес тапсырманы береді). – Балалар, 2-тапсырмада суреттер арқылы тақпақ, жаңылтпаш айту керек екен, айта аламызба?

Балалар: иәәә

Мнемосызбалы тақпақтар:

Фарангиз:

Көңілдіміз күлеміз,

Әріптерді білеміз.

Бақша – біздің үйіміз.

Тату-тәтті жүреміз

Баулап ана-ағамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Жақсы болып өсуге

Біз тырысып бағамыз.

Сарвиноз:

Шашымды да тарадым,

Айнаға да қарадым.

Ерте тұрып ұйқыдан

Мен бақшаға барамын.

Таудан биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім –

Қарындаш пен қаламым

Балабақша – байтағым

Ойнап күліп қайтамын.

Ән саламын, би билеп

Тақпақты да айтамын.

Мнемосызбалы жаңылтпаштар:

Рашид:

Ақ шар, көк шар, аспанда көп шар.

Мурод:

Мұз тұзға ұқсайды, тұз мұзға ұқсайды, мұз да тұзға ұқсайды.

Айша:

Көк тырна, көп тырна, тұрайлап көп тұрма.

Буратино: Жарайсыңдар, балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында мен азат болдым, мына сендерге кілттің бір бөлігі. Келіңдер, билейміз.

Физминутка. “Буратино” әніне балалар билейді, ортаға түлкі мен мысық билеп кіреді.

Мысық: Балалар, кілттің соңғы бөлігі бізде. Бірақ сендер бұны оңайлықпен ала алмайсыңдар, бізде бір тапсырма бар: Ертегіні айтып тұрып мнемокестені дұрыс құрастыру керек.

Балалар ертегіні айтып тұрып дұрыс құрастырады.

Роза: Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып ойнап  жүрген екен.

Шохжахон: Сол бұтақтың астында қасқыр ұйықтап жатыр екен.

Гулчехра: Ақ тиін қарғып жүріп ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.

Ардақ:

Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.

Ақ тиін жалынып:

— Мені жеме, жібер? – дейді. – Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

— Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.

Эмилия:

Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

— Сен қасқыр залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.

Түлкі: Менде де бір тапсырма бар. Қолмен бұрап тұрып мнемокестені құру керек, қай ертегі екенін табу керек.

Мысық: Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Мына сендерге кілттің соңғы бөлігі, енді кілтпен сандықты ашық тәтті тоқаштарыңды алсаңдар болады. Қош болыңдар, балалар, біз енді сендерге ұқсап ақылды, әдепті боламыз.

Балалар: Қош болыңыздар!

Психолог: Балалар, бізге Дымбілмес сыйлық әкелген екен, біз де өз сыйлығымызды берейік – саусақтарымызбен күн сәулесін салайық, достығымыз сол күн сәулесі сияқты ғажайып, таза және күшті болсын.

Дымбілмес: Балалар, сонда бүгін мен не үйрендім?

Фарангиз:  Суреттер арқылы тақпақ айтуға болатынын және оңай жаттауға болатынын үйрендік.

Малика: Сүреттерді пайдаланып жұмбақ шешуге болатынын үйрендік. Ардақ:  Суреттер арқылы ертегі құрастыруға болатынын үйрендік.

Психолог: Жарайсыңдар, балалар! Дымбілмес енді балаларға өзіңнің әкелген тәтті тоқашыңды бере ғой.

Дымбілмес: Рахмет сендерге балалар, мен де сендерге ұқсап ақылды, білімді боламын. Қош болыңдар балалар!

Психолог: Балалар, біз мнемокестелерді пайдаланып әр түрлі ойындар ойнаса болатынын үйрендік, иә?

Балалар:  Иәәә!

Психолог: Біздің сабағымызға келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар:  Қол ұстасып тұрайық,

достық әнге салайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

         Абдумажидова Ирода Каримжановна

                                           «Айша-Биби» бөбекжай-балабақша психологі 

                                            Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                     Қарнақ ауылы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.