Home » Әңгіме » Математиканы ұғу қиын ба?

Математиканы ұғу қиын ба?

Математиканың қиын пән екені талай мәрте айтылып, жазылып та жүр. Алайда өмір ағыны, ғылым мен техника саласының бойлап енуі математиканы білуді бұрынғыдан да қажет етіп отыр. Осы тұста математика пәніне бетбұратын жастар қатары неге азайып барады. Мектеп оқушылары неге бұл пәнді түсіне алмай қиналатыны тіпті жек көреді деген ойлар кімді болса да мазалары хақ. Сол үшін де осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан,  орындары бар білікті ұстаздар қауымына ой тастап,сұрақтарымызға жауап алуға тырыстым.

Мектептегі математикалық білім сапасы деңгейінің нақты бет бейнесін айқындайтын басты көрсеткіш бұл:

Тердикбай Күшай
Астана қаласының Дарынды балаларға
арналған №9 «Зерде» мектебінің
математика пәнінің мұғалімі.

Сынып жоғарлаған сайын салмағы артып 6-сыныптан кейінгі сыныптарда бір сыныптағы математиканы игере алатындар саны сынып оқушыларының ширегіне жетпей, қалғандары солардың қалқасында күнелтетін жағдай.

 

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

Математика пәні бәріміз үшін де мектеп қабырғасынан басталады. Математика пәнінің ұстазына байланысты, арифметиканың төрт амалын орындауды қалай сенің миыңа құйып береді, бұл математиканың ірге тасы, әрі қарай оқып кетесің.

1.Ғылымдар патшасы саналған математикаға тумысынан дарынды да қарымды қазақ халқының бүгінгі ұрпағы қалай қарайды? Нақтысын айтқанда бүгінде математика мұғалімдерінің қатары  неге аз?

Тердикбай Күшай

Астана қаласының Дарынды балаларға

арналған №9 «Зерде» мектебінің

математика пәнінің мұғалімі.

 


  1. Ең басты себеп математика пәнінің мазмұнының әр оқушы еркін игере алатын деңгейде емес, керісінше жоғары ғылыми деңгейде болуымен қатар, оқушылардың логикалық ой қабілетін жетілдіруге  септігі тиетін мазмұнның сыбағалы салмағы өте төмен  екенінде жатыр. Бұл жағдай бастауыш білімнен бастап, жоғары білімге дейін білім берудің барлық деңгейін түбегейлі қамтыған, пайдасынан зияны басым қоғам дамуына кесірін тигізетін, дауасын табу өте қиын дерт тәрізді. Бұл кемшілікті жою  мектеп, мұғалімнің қолынан әсте келмейтін, бір мемлекет дәрежесінде шешудің өзі оңайлықпен қолға келе қоймайтын өте күрделі жайт. Бірақ та бұл кемшіліктің орынын толтырып әр оқушы, студент еркін игеріп, өмірдегі қажеттілігіне жарататын, жеке тұлға мен қоғам дамуына оң ықпал етерлік оңтайлы мазмұн құрмайынша математикалық білім деңгейін тақауыр дәрежесіне жеткізу мүмкін емес екені де өте түсінікті жағдай.

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

математика мұғалімдерінің  қатары неге аз деген сұраққа, былай жауап беруге болатын сияқты, біріншіден -мұғалімнің мәртебесі құлдырап кетті, қазір ешбір ата-ана мектеп бітірген баласына мұғалім бола қой деп, кеңес бермейді, бұрынғы заманда «мұғалім» бол деп бата беретін,екіншіден-мұғалімнің жұмысы ауыр, бүкіл мектептің ең ауыр деген жұмыстарын мойнына артып қойған, үй-ішіне, бала-шағасына қарауға да уақыты жоқ,үшіншіден-ең аз айлық мұғалімнің айлығы,сондықтан ешкімнің мектепке барғысы жоқ, мұғалім болғысы келмейді. Енді «Педагог статусы» жарияланып, бекітілгеннен кейін ұстаздардың  мәртебесі өсіп, бір бетбұрыс болатын сияқты.

Қазақ балалары математикаға өте қабілетті екені рас. Бұл турасында белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевтің да жақсы айтқан пікірлері бар. Сіздер қалай ойлайсыздар ел намысын халықаралық олимпиадаларда қорғап, жүлдегер атанған жастарымыз бүгінде неге мектеп, болмаса жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет жасамайды?

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

Қазақ халқының математикаға қабілетті екені байырғы заманнан белгілі болған. Қазіргі заманда ұл-қыздарымыз математика пәнінен өткізілетін халықаралық олимпиадаларда, басқа да жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда, бұл біздің мақтанышымыз, Қазақстанның мақтанышы. Ал, енді осы оқушылар осындай дәрежеге жете отырып, неге мұғалім болғысы келеді, себебі оларға  мұғалімнің  бейшара жағдайы белгілі, күнде көріп жүр, сондықтан олар аты-шулы жоғарғы оқу орнына түсіп, ғылыми жұмыспен айналысқысы келеді, кандидат, доктор болғысы келеді, жоғары айлық алғысы келеді, сондықтанда олар ұстаздық қызметке бармайды.

Тердикбай Күшай

Астана қаласының Дарынды балаларға

арналған №9 «Зерде» мектебінің

математика пәнінің мұғалімі.

Математика пәнінің ерекше мүмкіндіктерінің бірі, оның жеке тұлғаның асыл қасиеттерін қалыптастыру, соның ішінде ой қабілетін жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға тигізетін әсері өте жоғары болатындығында. Тиімсіз, ауыр мазмұндық жүктеме мен оқушыны білім қоймасы ретінде қабылдайтын ескі әдіс тәсілдің кесірінен бұл мүмкіндікті дұрыс қолдана алмай келеміз. Керісінше күрделі мазмұнды игере алмаған оқушыға, ұстаз бен мектепке деген кері көзқарас қалыптасуы, олардың әртүрлі келеңсіз жағдайларға бет бұруына ықпалын тигізбейді деп айту қиын.

 

3.Соңғы жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден математика мамандығына оқуға түскен түлектердің алған көрсеткіші көңіл толарлықтай ма? Математика мен физика пәндерін таңдап, оқу гранттары көп бөлінетін техника ғылымдары саласына бет бұрып кететін болашақ математика мүғалімдері туралы не айтасыз?

Тердикбай Күшай

Астана қаласының Дарынды балаларға

арналған №9 «Зерде» мектебінің

математика пәнінің мұғалімі.

Ұстаз мәртебесі мен әлеуметтік жағдайы мен мұғалім даярлайтын оқу орындарының оқыту бағдарламасы мен әдістемесі жаңа заман талабына сай жаңара алмауына тікелей байланысты кадр сапасының құлдырауы. Соның ішінде математикалық дағдылар мен оқушының ой қабілетінің қалыптасуына өте үлкен ықпал ететін бастауыш сынып ұстаздарының көпшілігінің математикалық білім деңгейі өте төмен болуы мен бірге, грант үшін шарасыз оқып, жоғары математикамен бастарын қатырумен уақытын өткізіп, жоғарғы оқу орынын тамамдаған орта сынып математика мұғалімдері, орта мектептегі математикалық білімін ұмытқан жағдайда оқушының алдына шығуға мәжбүр болатын  жағдайға әкеліп соғатыны  алаңдатпай қоймайды.

Сондықтан да математикалық білім сапасын  арттыру ісі оп-оңай қолға келе қоятын жеңіл желпі мәселе емес, мемлекеттік дәрежеде кешенді бағдарлама жасап, жүйелі түрде жүзеге асыруды қажет ететін өте ауқымды мәселе деп қарауға тура келеді

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

Соңғы жылдары математика мамандығына түскен түлектердің көрсеткіші туралы деректеме менде жоқ, бірақ бұл мамандықты таңдайтын жастар аздау, оған себеп математика пәніне деген көзқарас және математика пәнін мектепте оқыту мен оған  дайындық. Өз тәжірибемнен айтайын, оқуға түскен түлектерден білімін тексеру үшін математикадан он есептен тұратын бақылау жұмысын өткіземіз, соның нәтижесінде  түлектердің 40-45 пайызының математика пәнінен түсінігі жоқ екендігі, қарапайым төрт амалды, тіпті көбейту кестесінде білмейтіндігіне көзіміз жетті, сондықтан оларға қайтадан мектеп математикасына қайталап оқытуға тура келеді.

Ал, математиканы жақсы игерген түлектер мұғалімдіктен гөрі, техникалық мамандықтарды   немесе Назарбаев университеті мен Шетел университеттерін   таңдайды.

4.Бүгінгі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда қандай олқылықтар кездеседі?

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

Білім министрлігіне жаңа басшы келген сайын білім саласында әртүрлі реформалар болып жатыр, Соның бәрі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға әсерін тигізуде, әсіресе математика пәніне, математика сағаттарының қысқаруы, оқу бағдарламасын толық игеруге сонымен қатар толық  қанды   маман иесін дайындауға кедергісін келтіруде. Математикадан хабары жоқ инженер, қандай инженер болады? Ол тұрғызған үйлердің ертең қирап жатпасына кім кепіл. Мектеп оқулықтарында кездесетін олқылықтар туралы айта берсең, ол да жеткілікті.

5.Малайзия, Сингапур елдерінде  оқыту жүйесінде оқулықты көп пайдаланбай  күнтізбелік жоспарды бала өресіне қарай құрастырып оқытушы өзі оқытады екен. Демек шәкірттің шырағын жағу ұстаз біліктілігіне байланысты екеніне келісесіз бе?

Ақжігітов Ерболат Әжімұлы,
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің

Жоғары математика кафедрасының доценті

 

Әрине, «Ұстазсыз шәкірт тұл» дейін қазақтың мақалы бар емес пе, білімді шәкірт дайындау ұстазға байланысты. Ондай ұстаздар елімізде жеткілікті, тек оларға демеу керек, шығармашылық еркіндік беру керек. Ұстаздардың білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеуі үшін жағдай жасау керек. Шетелдің үздік оқу бағдарламалары мен оқулықтарын, тәжірибелерін алған жөн,

Тердикбай Күшай
Астана қаласының Дарынды балаларға
арналған №9 «Зерде» мектебінің
математика пәнінің мұғалімі.

Бұл кемшіліктердің басты себептеріне тоқталсақ:

Бастауыш сыныптан бастап оқушылардың көбі жаттанды білімді месе тұтып, көпшілігінің логикалық ойлау қабілеті өте төмен деңгейде. Білім деңгейінің төмендігінен оқушылар баға алудың құйтырқы әдіс тәсілдерін жастайынан игеретіндіктен бұл жағдай қоғамды қамтыған індет.

 

Сұхбаттарыңызға рақмет!

Қуантай Амантайұлы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.