АҚТӨБЕЛІК ФИЗИКА ОҚЫТУШЫСЫ «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ – 2020» САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. «Үздік мұғалім — 2020» додасында үшінші орынды Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектептің оқытушысы Мират Оспанов иеленді. – Осы жарыстың арқасында мен уақытты басқарудағы деңгейімді, мықты және әлсіз жақтарымды анықтай алдым. Бұл өзімді байқап, тексеруге тамаша мүмкіндік болды, – деп Мират Қорғанбекұлы…








