Home » Жаңалықтар » Оқушылар өміріндегі маңызды күн

Оқушылар өміріндегі маңызды күн

1 қыркүйек оқушылар мен ұстаздардың өміріндегі маңызды күн. Әсіресе Зияткерлік мектепке түскен жетінші сынып оқушылары үшін бұл күн қызықты, өйткені бүгін олар өздері қалаған мектеп табалдырығын аттады.

Ақтөбедегі НЗМ-ның алғашқы қоңырауы ұлы Абайдың 175 жылдығына және еріктілер қозғалысына қолдау көрсететін жаңа жылға арналды. Салтанатты жиын барабаншылар шеруінен басталып, «Абай – кітап» көрінісімен жалғасты. Өзінің кіріспе сөзінде Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сәуле Умербекова барлық мұғалімдер мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, үздік оқушыларға мақтау қағаздарын табыстады. Сонымен қатар, Зияткерлік мектептің мұғалімдері марапатталды, олар модераторлар, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты иегерлері.

 

2019-2020 оқу жылында 7-12 сынып аралығында 732 оқушы білім алатын болады. 7 сынып оқушыларының саны — 144.

Жаңа оқушылармен қатар мектеп қауымдастығы бірқатар жаңа оқытушылар құрамымен толықты. Барлықтарыңызға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.