Home » Жаңалықтар » Жер ҚАЗАҚТЫҢ мұрасы!

Жер ҚАЗАҚТЫҢ мұрасы!

     Ауылда тудым, ауылда өстім, қазір де ауылмен жақсы қарым-қатынастамын. АШ жерлерін сатуға, сатылымға шығаруға ҚАРСЫМЫН. Бірақ, ол АШ жерлерін әр нәрсеге сылтау етіп. Мемлекеттің игілігі үшін деген жалапақ желеулермен «қорық» жасаймыз «зоологиялық аймақ» етеміз деп шетелдіктердің не жекелеген біреулердің мақсаты үшін жерімізді қалай болса солай, бейберекетсіз пайдалануға келіскенім емес. Сондықтан құрметті отандастарым, бауырларым, болашақтың қамын ойласақ осы мәселені де ескеру керек сияқты.

Кейде, менде басқа да күндік пайда болады. Қазақтың жанды жері ЖЕР.  Жерге  келгенде барлық көңіліміз сонда ауады. Басқа да көп деген нәрселерді назардан тыс қалдырамыз. Алайда, «екі шоқып, бір қарайтын» заманды бастан өткізіп отырғанымызды естен шығармайық.

Көзі қарақты жерлестерім көтеріп жүрген екі мәселеге мен үшіншісін және бірнешеуін қосқым келеді.

1) ҚР-ның жерлері еш уақытта ешкімге сатылмасын (Шетелдіктерге де ҚР азаматтарына да) – ол өйткені ҚАЗАҚТЫҢ мұрасы.

2)  ҚР-ның АШ жерлері тек  ҚР-ның азаматтарына ғана жалға берілсін – ата кәсіп мал шаруашылығымен айналысуымыз керек.

3) АШ жерін жалға алған адам 5 жылда өзі не біріккен ауылдастарымен  пайдаға асырмаған жағдайда мемлекет қайтарып алсын. ҚР-ның жерді жалға беру заңдарына сәйкес басқа азаматқа беру мүмкіншілігі болсын – Алла берген игілік, пайдасын көріп, өзімізді өзіміз (екі сиырымызды бақсақта) қамтамасыз етуіміз керек.

4) АШ жерлерін жұлып-бөліп, әр түрлі мақсаттарға пайдалануға тиым салыну керек – Малда «жерсіну» деген түсінік бар. Оны мал баққандар жақсы біледі. Мал басқа кәсіптей тез көтерілетін бизнес емес. Ол жылдан жылға күтімді талап етеді. Сондықтан да ауыл шаруашылығымен айналысатын отандастарымызды мазалай берудің қажеті жоқ.

Ата-бабамыз «білектің күшімен, найзаның ұшымен» осы жерді қорғағанда ата кәсіп мал шаруашылығын дамытуды да басты назарда ұстаған болар. Жер Әкеден емес бабадан қазаққа қалған  мұра. Мұра — ол аманат. Аманатқа қиянат жасаған дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан да жоғарыдағы мәселелерді тізіп, көрсетіп отырмын.

Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ»
жобаларының негізін қалаушы, журналист
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.