Сөйлеу тіліндегі күрделі бұзылыстары бар балалармен жұмыс: көпсалалы ұжымның тиімді үлгісі

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КММ №145 бөбекжай-балабақшасында «Сөйлеу тіліндегі күрделі бұзылыстары бар балалармен жұмыс: көпсалалы ұжымның тиімді үлгісі» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде өтті.

Семинардың шымылдығын балабақша меңгерушісі Масакбаева Базарой Нұрсұлтановна ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.Өз сөзінде ол балабақшада атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталып, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы көпсалалы ұжымның рөліне ерекше мән берді.
Сонымен қатар, мекеме жетістіктерін атап өтіп, соңғы жылдары тәрбиеленушілердің сөйлеу тіліндегі айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізгенін қуанышпен жеткізді. Балалардың алғашқы дыбыстарды айтуынан бастап, байланыстырып сөйлеуге дейінгі жетістіктері – педагогтар мен мамандардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Меңгеруші соңғы сөзінде өзінің республикалық оқу әдістемелік кеңесімен бекітілген «Шанс поверить в чудо», «Ғажайыпқа сену мүмкіндігі» тақырыбындағы авторлық бағдаламасын презентация жасап, қазіргі таңдағы мінез-құлқында қиындығы бар, дамуында әлеуметтік-коммуникативтік бұзылыстары бар балалармен түзету жұмысының әдіс-тәсілдерінен қүрастырлылғанын жеткізіп, қолдануға ыңғайлы, қолжетімді, нақты, нәтиже көрсететінін жариялады. Мінезінде қиындығы бар балалармен осы бағдарламамен жұмыс жасап бала дамуында үлкен өзгерістер болғанын жеткізді.

Іс-шара барысында балабақшаның педагог-психологы Меруерт Омерхановна «Тиімді команда – үлкен жетістік» атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг өте әсерлі форматта өтті: қатысушылар жіпті бір-біріне лақтыра отырып, өздерін таныстырды. Нәтижесінде жіп торға айналып, бұл көрініс ұжымдық бірліктің, өзара байланыстың айқын символына айналды. Осы арқылы мамандар бірлескен жұмыстың маңыздылығын терең сезінді.
Семинар барысында балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарының бейнежазбалары ұсынылып, балабақша мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынастың, бірлескен еңбектің нақты нәтижелері көрсетілді.

Келесі кезеңде «Балдырған» тобының тәрбиеленушілерімен логопед Молдахметова Бибинур Талгатовна жеке жұмыс жүргізді. Балалар «Аюдың бөшкесі» әдісі арқылы «Сағат», «Ат» сияқты тапсырмаларды орындап, тыныс алу жаттығуларын жасады. Сонымен қатар, экранда көрсетілген дүкеннен қажетті тағамдарды таңдау арқылы танымдық тапсырмалар орындады.
Одан әрі «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері дефектолог Сәбит Мөлдір Муслімқызының жетекшілігімен топтық жұмысқа қатысты. Балалар қораптағы жасырынған жемістерді сипап-сезу арқылы анықтап, оларды пішініне қарай себеттерге бөліп салды. Саусақ жаттығулары арқылы ұсақ моторикасын дамытып, ән айту арқылы өз қабілеттерін көрсетті.

Сондай-ақ, осы топпен педагог-психолог Меруерт Омерхановна топтық жұмыс өткізіп, балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына бағытталған тапсырмалар ұйымдастырды.
Келесі бөлімде дефектолог Сәбит Мөлдір Муслімқызы ата-аналармен жұмыс жүргізіп, үй жағдайында балалармен тиімді жұмыс істеу жолдарын түсіндірді. Егер балада қиындықтар туындаса, оны еңсерудің нақты тәсілдері мен пайдалы кеңестер ұсынылды.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар «Лотос» әдісі арқылы балаға арналған жеке даму жоспарын құрастырды. Үш топқа бөлінген мамандар баланың даму ерекшеліктерін талқылап, нақты жоспар жасады. Бұл жерде бала, ата-ана және педагог арасындағы үшжақты серіктестіктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара соңында тәрбиеленушілер «Қамажай» биін билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қонақтар «Тілек ағашына» өз тілектерін жазып қалдырып, ізгі ниеттерін білдірді.
Осындай ерекше білімді қажет ететін балалармен жүйелі жұмыс жүргізудің маңызын көрсеткен бұл семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Меңгеруші Масакбаева Базарой Нурсултановна. Әдіскер Бахрамова Шарапат Амангельдиевна семинарды ұйымдастырып, ұжымды жұмылдыра биік мәресіне жеткізді. Осындай тағылымы мол, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін балабақша ұжымына мың алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

Алматы қаласы
Білім Айнасы
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *