Home » Айтарым бар » Қамқорлық шаралары жалғасуда

Қамқорлық шаралары жалғасуда

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, көмекке мұқтаж балаларды оқумен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әдеттегіден бір ай бұрын, шілде айында басталып, 30 қыркүйекте аяқталмақ.

Бұл  акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған, көп балалы жəне тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жəне əлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша əлеуметтік қолдау көрсетуге.

Осы мақсатта мектеп әкімшілігі ауыл жұртшылығына, ата-аналарға, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Жүректен-жүрекке!» ұранымен өткізілуде.

Ауылдық жеке кәсіпкерлер мен арнайы ұйым  басшыларына көмекке мұқтаж балаларға қолдау сұрап, хат жазылды, хабарлама тақтасы жасалды. Сонымен бірге «Мектепке жол» акциясы кезінде дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралап, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді бекіту шараларын ұйымдастыру қамқоршылық кеңеспен бірлескен жұмыс негізінде жоспарланды. Нәтижесінде, акция барысында аз қамтылған отбасыларда, тәрбиеленіп жатқан оқушыларға, жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары, меценаттармен әріптестік қарым – қатынас орнатылды, олар;   Железин аудандық мешіті бас имам Т.М.Құсайынов,  ЖК «Абылкасова», ЖК «Макаренко», ЖК «Ермоленко» «Балалар әлемі» дүкені, Железин аудандық «Жас Отан» жастар орталығы, мектепке қажетті киім кешектер мен кеңсе заттарын және қала  сыртындағы лагерьлерге жолдама сыйлап, демеушілік жасады.

Жақсылық — әлемге мейірін шашып, жылуына бөлейтін ең үлкен қасиет. Жақсылық-игілік атаулының түп бастауы болғандықтан, ол әрқашан да әлемге сыйлайтыны анық, сол себепті де осынау республикалық акцияның мектебімізде жалғасын табатынына сеніміміз мол. Сонымен қатар, осы акцияға көмек көрсетіп отырған мектеп ұжымына, ата-аналарға және жеке кәсіп иелеріне алғысымыз шексіз! Баласын қорғай білген ел – болашағын сақтай білген ел. Балаларымыздың болашағы үшін жақсылық жасаудан кеш қалмайық!

Самал Сеилханова,
 Железин №3 ЖББОМ ДТІЖ орынбасары.
Павлодар облысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.