Home » Tag Archives: Орал

Tag Archives: Орал

«Орал қаласының Құрметті педагогі» марапаты тапсырылды

Кәсіби мерекелеріне орай ұстаздар қауымын құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаланың білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан мереке иелеріне осындай құрмет көрсетті.   Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Абат Абайұлы білім саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Алты алаштың ...

Толығырақ »

БҚО-да 157 мектептің оқушылары қашықтан оқиды

Жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңес Батыс Қазақстан облысындағы мектептерде де ұйымдастырылуда. Осындай жиын тамыздың 19-ы күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде өтті. Аталған педагогикалық кеңестерде кезекті оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру, штаттық режимде оқитындар үшін сақталуы тиіс санитарлық нормалар, балаларды қашықтан оқыту үшін таңдалған платформа, бағалау жүйесіндегі өзгерістер секілді мәселелер талқылануда. Облыстық білім басқармасы басшысының ...

Толығырақ »

Оралда жаңа мектеп салынуда

Жазғы демалыс мерзімі де аяқталуға таяп, жаңа оқу жылы басталар уақыт жақындап келеді. Осы ретте Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын деген сауалмен қалалық білім беру бөліміне хабарласып көрдік. Оралда жалпы 51 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп бар.  Олардың 49-ы – орта, екеуі – негізгі және біреуі – кешкі ауысымды мектеп. Сонымен ...

Толығырақ »

Зяткер жас ғалымның жеңісі

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арсен Алиев Батыс Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері Б.Атшыбаевтың тұлғасы туралы зерттеу жұмысымен «Жас ғалым – 2020» VI халықаралық ғылыми байқауында бірінші орынды жеңіп алды.   Тэджон қаласында өтуі жоспарланған ғылыми сайыс пандемияға байланысты онлайн режимге ауыстырылған еді. Арсеннің ғылыми жұмысына арқау болған Беркінғали Атшыбаев – қазақтан шыққан алғашқы мұнай барлаушы-геолог, Батыс Алашорда үкіметінің көрнекті ...

Толығырақ »

Көп тіл білуді армандайтын оралдық зияткер

             Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары неміс тілін меңгеруге ден қойып келеді. Бірнеше ай бұрын олар неміс тілінде сауатты жазуды насихаттау мақсатындағы «Tolles Diktat» халықаралық акциясына қатысып, тілдік қабілеттерін тексеріп көрген. Бұл туралы мәлімет берген аталмыш білім ордасы баспасөз қызметінің мәліметінше, акцияға қатысқан 11-сынып оқушысы Тимур Болатов Қазақстанды лайықты түрде таныстырып,  бірінші орын алған екен. ...

Толығырақ »

Жайықтың ардақты аналарымен кездесті

Оралдық зияткерлер 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында өз шаңырағында құрметті қонақтарды қарсы алды. «Ақ Жайықтың ардақты аналары» жобасының кейіпкерлері – әр салада нәтижелі еңбек етіп, өмір жолы өнегеге айналған аяулы аналар. Ақжайық өңірінің сыйлы тұлғалары, айтыскер-ақын, ұстаз, көпбалалы ана, ғалым, кәсіпкер, пошташы, тігінші, спортшы, кітапханашы, кәсіпкер, құрылысшы, дәрігер, өнер саласы мамандары – барлығы 24 ана шаңырақ сағаттарына қатысып, ...

Толығырақ »

Ақ халат кию – арманым…

Ержігіт Талап, Қ.Аманжолов атындағы ЖОББ мектептің оқушысы, Бәйтерек ауданы, БҚО Әр адамның арманы болады ғой, менің де балалық армандарым өте көп. Соның бірі – науқас адамдарға көмектесетін дәрігер болу. Менің аты-жөнім – Талап Ержігіт Хаирханұлы. Тоғыз жастамын. Батыс Қазақстандағы Бәйтерек ауданы, Переметный ауылында тұрамын. Анам Иманқұлова Салтанат Амангелдіқызы – ұстаз, Бәйтерек колледжінде тарих пәнінен сабақ береді. Өзім ақын Қасым Аманжоловтың ...

Толығырақ »

Ақ Жайықта «Алтын ұрпақ» жобасы бастау алды

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа жылдан бастап «Алтын ұрпақ» жобасы қолға алынды. Жаңа жобада 7-сыныптың ер балалары қазақ күресінің тарихын зерделеп, аптасына екі рет төл спортымыздың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Осы жоба аясында қазақ күресі секциясының тұсаукесері мен жаттығу залының ашылу салтанаты өтті. Жалпы зияткерлік мектеп әлемді жақсартуға дайын, сыни тұрғыдан ойлайтын, әлеуметтік жауапкершілігі мол белсенді тұлға тәрбиелеуді мақсат ...

Толығырақ »

 Тәрбиешілерге арналған шебер-сынып

Ихсанова Жанар Мухтаровна БҚО,Орал қаласы №18 «Балдырған» бөбекжайының ІІ санатты тәрбиешісі Жауапты: МКҚК №18 «Балдырған» бөбекжайының ІІ санатты тәрбиешісі Ихсанова Жанар Мухтаровна. Тақырыбы: «Балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру» Мақсаты: балаларының ойын арқылы заттар, табиғат, адамдар әлеміне экологиялық көз қарасын қалыптастру, болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу. Қоршаған ортаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана ...

Толығырақ »

«Қызыл телпек Жаңа жыл төрінде!» — Жаңа жылдық сценарий

Аккереева Светлана Насимуллиевна БҚО. Орал қаласы, №18 «Балдырған» бөбекжайы І санатты тәрбиеші. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар  балалар!  Сіздерді жаңа жыл мерекелерізңбен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр біріңіздің Отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін. «Жаңа жылдық ойыншықтар» әні   (хоровод) Жаңа   жылым мол болсын,      Нұрай Басқан қадам  мол болсын. Төрлет, төрлет, жаңа жыл Бізге құтты ...

Толығырақ »