Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде таңғы гимнастика
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КМҚК №20 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі ретінде таңғы гимнастика» тақырыбында ауқымды әрі мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалардың күн тәртібіндегі таңғы гимнастика жаттығуларының маңызын түсіндіру және оны тиімді өткізу жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету болды….








