Home » Жаңалықтар » Жаңа ұрпаққа-жаңа ұстаз

Жаңа ұрпаққа-жаңа ұстаз

№33 мектеп-лицей ұжымы солай дейді
«Цифрлы заман». Техника, технология дамыған уақыт. Қолыңды көтер, жүзіңді көрсет. Сіз туралы ақпаратты төгеді шелектеп.
Алматы қаласы, Білім басқармасы, Медеу ауданы, Білім бөліміне қарасты №33 мектеп-лицейінде мектеп директорларына арналған «Жаңа ұрпаққа, жаңа ұстаз» тақырыбында семинар өтті.

Көрмеге қойылған роботтар, дрондар, ақылды үй, мекеме ауласы, технология және информатика пәнінің ұстаздары: Шолпан Жұмағазина, Айдана Айнабекова, Жұлдыз Жаспанова, Лайла
Рахимова ұстаздардың еңбегі қойылды.

Жас маман Темірбек ұстаздың жұмыстары таныстырылды. Өзіндік өрнегі қалыптасқан. Осы заманға заманауи сабақ жасаудың көшін бастап келеді десем артық болмайтын сияқты.

Квест-семинары жасалды.
Оны №33 мектеп-лицей ұстаздары ұйымдастырды. Атап айтсақ, Амирханова Алия Тлегенқызы, Ашимхан Ұлжан Ауесханқызы, Шолпан Жұмағазина, Бектұрған Аяжан Ұланқызы. Онда Төрт К, яғни сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық бағытта жұмыс жасалды. Қарапайым ұстаздар директорларды тез-ақ баурап алды.

«Білім айнасы»
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.