Home » Мақалалар » Қызықты қыс келбеті.

Қызықты қыс келбеті.

Агманова Бактигул Ахметжановна
Астана қаласы
«Арт-терапия басым бағыттағы
 №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
Ортаңғы «Шашу» тобының тәрбиешісі.

Тақырыбы: Қызықты қыс келбеті.

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:

Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшеліктерін аңғара білуге үйрету.

Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорларын дамыту.

Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, сурет бояу, құрастыру, жапсыру.

Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты суреттер, қыс көрінісі, шырша, қар.

Құрал – жабдықтар:  аққаланың пішіндері, қолғап, малақай, мойын орағыш, шыршаның суреті.

Ұйымдастырылған іс – әрекеттің барысы:

Тәрбиеші:

— Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады)

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.

— Балалар, көңіл – күйлерің  қандай?
— Тамаша
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
— Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.

Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
— Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойын орағыш, баскиім киеміз.

Жарайсыңдар, балалар.

Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар? ( боранның дауысы)
— Боранның.
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын жоғары көтеріп жәй және  қатты дыбыс шығарып гуілдейді.)
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топылдатады).
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).
-Жарайсыңдар осындай көңіл – күймен ұйымдастырылған іс – әрекетімізді  одан әрі жалғастырамыз.

1 сурет.  (Қыс көрінісі).
— Шырша, ағаштар, айналаның бәрі аппақ.
— Дұрыс ағаштар, шыршалар неге оранған?
— Қарға.
Ендеше, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Дінмұхамед:

Аппақ, аппақ қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Қырау – қырау  жол аппақ,
Қар жамылған тал аппақ.

Тамаша.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:

Жұмбақ:

  1. 1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

— Дұрыс, қардың түсі қандай?
— Ақ.
— Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл.

Ал, қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі тәрелкедегі түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  тәрелкедегі түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді).
Тәрелкедегі  қар ұшты ма?

— Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?

— Жоқ.
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.

Керемет, дұрыс айтасыңдар, ендеше балалар қараңдаршы менің қолымдағы не екен. (Екі тарелкаға қарды алып кіріп оған сипаттама беру)

Балалар: Қар.

Өте дұрыс.

Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.

Жылы алақанымызға қарды салғанда неге айналатынын көрейік.

Эксперимент жасайды.

Балалар қарды алақандарына салады. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Қар ериді ма? Неге айналады? Сабақ біткенге дейін бір жерге қойып, оны бақылайық.

2 сурет:  (шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері).
Шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері.
Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.
Шана туралы тақпақты кім айтып береді?

Көркем: 

Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз біз енді,
Отырып ап шанаға.

Балалар,

Қысқы қандай ойындарды білесіңдер?

Қармен ойнаймыз.

Қардан не жасаймыз?

Аққала жасаймыз.

Балалар, сендерге тағы жұмбақ жасырғым келіп тұр:

 Жұмбақ:

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұрады,

Танып көрші сен оны. (Аққала)

Таңғажайып сәт. Аққала келеді. (музыкамен)

Балалар, бізге қонаққа аққала келді.

Аққаламен амандасайық.

Балалар аққаламен амандасады.

Аққала, неге сенің көңіл күйің жоқ.

Аққала: Бұзық балалар менің достарымды бұзып тастады. Балалар мені құлатып тастағысы келді, мұрнымды жұлып алды, қолымдағы сыпырғымды жұлып алып кетті, көңілсізбін. Мен олардан зорға қашып құтылдым.

Тәрбиеші:

Аққала  сенің көңіл күйіңді түсірме, біз саған көмектесеміз. Балалар саған достарыңды қайта құрастыруға көмектеседі.

(Балалар екі топқа бөлініп фетрден аққала құрастырады.)

Аққала қуанады, достарым пайда болды деп.

Сосын балалар аққаланың достарының ерекшеліктерін айтады,

Балалар, аққаланы неден жасаймыз?

Қардан жасаймыз.

Аққаланың түсі қандай?

Аққаланың түсі ақ.

Аққала қандай пішінге ұқсайды?

Дөңгелекке ұқсайды.

Екі аққаланы салыстыру.

Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай.

Аққала туралы тақпақ.

Бекарыс:

Қар жауғанда топ бала,

Соқты келіп аққала.

Мұрны сәбіз, үп үшкір.

Көзі көмір, қап қара.

(Жаңа зерттеген қар ериді, соны көрсетеді, айтады.)

Сергіту сәті:

Тоңса егер қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт.

Шапалақты ұрамыз.

Аққала біздің балалар білімді, балалармен бірге білім орталығына жүріңіз.

Балаларды 3 орталыққа бөліп отырғызу.

1 топ – аққала жапсырады.

2 топ – шырша бояу.

3 топ – ағашқа мақта жапсырады.

Қорытынды.

Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

Біз не үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

Кімге не ұнады?

Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.

Көңіл – күйіміз  қандай?  Тамаша!

Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

Ауа райы қандай?  Тамаша!

Қысқы ойындар қандай?  Тамаша.!

Келген қонақтарымыз қандай?  Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)

Аққала кетеді.

Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.