Home » Жаңалықтар » Танзаниялықтар Қазақстанның білім саласын зерттеп жүр

Танзаниялықтар Қазақстанның білім саласын зерттеп жүр

Қазақстанға Танзания елінің Занзибар қаласынан білім саласының өкілдері келді. Бұл туралы Сулейман Демирель атындағы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шетелдіктер Қазақстанның орта білім жүйесін зерттеп жүр. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқысы келеді. СДУ соңғы 3 жылда Африка елдерінде, Азия, ТМД елдерінде мектеп түлектері арасында ISPT олимпиадасын ұйымдастырып келеді. Қонақтар олимпиадамыз туралы естіп, СДУ-мен серіктестік қарым-қатынас орнату туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта СДУ-да оқуға 100%, 50%, 25% жеңілдік беретін олимпиада Танзания елінде де өтетін болады. Олар егер дарынды балалары грант ұтып алса, Қазақстанға білім алуға жіберетіндерін, серіктестік орнатуға ниетті екендерін жеткізді», — делінген хабарламада.

ISPT (International SDU Proficiency Test) – орта мектеп түлектеріне арналған халықаралық олимпиада. Олимпиада Сулейман Демирель университетінде ішкі грант бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Сулейман Демирель университетінде 16 мемлекеттен 185 студент білім алып жатыр.

«Университет алдағы уақытта бұл көрсеткішті 500-ге жеткізуді, шамамен 30 мемлекетпен халықаралық байланыс орнатуды жоспарлап отыр. СДУ Халықаралық офисі осы уақытқа дейін 60 университет 26 мемлекетпен ынтымақтастық орнатты, соның арқасында білімгерлеріміз 2 курстан бастап академиялық мобильділік бойынша шетелге барып білім алып жүр. Сонымен қатар университетіміздің педагогика және инженерия факультеті ERASMUS бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр», — деп мәлімдеді ЖОО баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.