Home » Жаңалықтар » ЖАМБЫЛДЫҚ 2 ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

ЖАМБЫЛДЫҚ 2 ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

    Педагогикалық үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жамбыл облысының  үздік ұстаздары Айгүл Қалмаханова және Мираш Бигелдиева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.

Айта кету керек, ел тарихында мұндай марапатпен педагогтарға алғаш рет марапатталуда.  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған  мемлекеттік награданы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  табыс етті.

Мемлекеттік марапатқа ие болған Айгүл Қалмаханова — Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктелген 10 мұғалімнің қатарына енген.

Ал Мираш Бигелдиева – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, бірқатар халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу сынынан жыл сайын жоғары нәтиже көрсетуде.

     Мемлекеттік марапаттарыңыз құтты болсын!

Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.