Home » Мақалалар » 2+1: Өзіңнен баста!

2+1: Өзіңнен баста!

          «Өрлеу» БАҰО»АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»ұйымдастыруымен 2017 жылдың 16 маусым күні «2+1: өзіңнен баста» ЖҒЦ мұғалімдерінің Республикалық форумы өткізілді.
Форумның негізгі мақсаты үштілді білім беруде педагогтер мен ата-аналар қауымының оң қарым-қатынасын қалыптастыру.Халықаралық сарапшылар Роберт Сим, (Шотландия) білім беру саласының кеңесшісі, Стивен Хиндлау Хорватия Республикасының тренері және «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «ПҚ БАИ» Астана қаласы, Павлодар, Қостанай облысының  тренерлері белсене қатысты. Сонымен қатар, 2017-2017ж. оқу жылында ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдері, мектеп директорлары және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қызығушылық танытушылар, СҚО Білім басқармасы өкілдері мен ата-аналар, оқушылар, студенттер және ғылыми-жаратылыстану пән мұғалімдері қатысты.
«Үштілділік» қабырғасы және облысымыздағы үштілді меңгерген педагогтерге арналған көз тартар тұстары көп болды. Қатысушылар  форумның жұмысына белсенді түрде қатыса отырып, «The best idea!» үздік идеялар байқауына өз идеяларын  білдіріп, филиал сайтындағы сауалнамаларға жауап беруде өз біліктіліктерін көрсетіп, үлкен жауапкершілікпен қатысқандығын білдірді. Осындай идеяларымен бөліскен жеңімпаздарды анықтаушы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Астана, Павлодар, Қостанай облысының тренерлер әділ қазылар алқасының мүшелері ретінде креативті идеясы үшін дипломдармен марапаттады.
Қатысушылар форумның ұранын қайталай отыра, жаңалықты қабылдауға тәуекел етіп, «Өзіңнен бастау» қажеттігін сезінді.  Форумның тағы бір қызықты тұсы тренер А.Касенованың ұйымдастыруымен өткізілген тренинг. Форумға қатысушылар жағымды әсер ала отырып, тек өзімен бастау керек деген сезімдерін оята алды.

 

Ж.ЖАйгужина
Филиалдың аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.