Мектепке саяхат

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «№127 бөбекжай-балабақша» КМҚК балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Мектепке саяхат» тірек балабақшасы мен тірек мектеп арасындағы сабақтастық тақырыбында семинар-тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Семинарды балабақша меңгерушісі Казыкина Наталья Николаевна жүрекжарды сөзбен ашып, қатысушыларды жылы қарсы алды. Семинардың маңыздылығына тоқталып, мұндай тәжірибе алмасу кездесулерінің педагогтер үшін құнды екенін атап өтті.
Семинардың басты мақсаты – баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп, табиғи әрі жеңіл өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы білім беру сабақтастығын нығайту болды.

Іс-шара барысында баланың мектепке дайындығының негізгі компоненттері жан-жақты қарастырылды: физиологиялық, сөйлеу, интеллектуалдық, ерік-жігерлік, мотивациялық және коммуникативтік дайындық. Педагогтер мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық ұғымына ерекше тоқталып, балабақша тарапынан әр баланың қабілеті мен жеке ерекшеліктері туралы мәліметтерді мұғалімдерге жеткізу, ал мектеп тарапынан балабақшада қаланған іргетасқа сүйене отырып, оқыту әдістерін бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне бейімдеу жолдарын талқылады.
Мектепке дайындықтың физиологиялық қыры қарастырылып, балалардың денсаулығы, ұсақ моторикасы, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен төзімділігін дамыту жолдары көрсетілді. Бұл бағыт бойынша дене шынықтыру нұсқаушысы Кривякина Марина Григорьевна тәжірибелік жұмыстар ұсынып, педагогтермен бірге сергіту жаттығуларын өткізді.

Коммуникативтік дағдыларын дамыту бөлімінде балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дыбыстарды дұрыс айту қабілетін дамыту тәсілдері ұсынылды. Әсіресе «Синквейн-шырша» ойыны арқылы сөздік қор мен сөйлеу логикасын дамыту жұмыстары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балалардың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас орнату, топпен жұмыс жасау, тыңдай білу және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту әдістері ұсынылды.
Интеллектуалдық дайындық бөлімінде балалардың зейіні, есте сақтау қабілеті, логикалық ойлауы және себеп-салдарлық байланысты түсіну дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер практикалық түрде көрсетілді. Педагогтер балаларды салыстыруға, жалпылауға және жіктеуге үйретудің тиімді жолдарымен бөлісті.

Семинар барысында ерік-жігерлік дайындыққа да ерекше назар аударылды. Бұл бөлімде балалардың өзін-өзі бақылау, эмоцияларын басқару, тапсырмаларды соңына дейін орындау және тәртіпке бағыну дағдыларын қалыптастыру жолдары түсіндірілді.
Мотивациялық дайындық тақырыбында баланың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын арттыру және өзін болашақ оқушы ретінде сезінуі маңызды екенін атап өтті.
Семинар барысында №49 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ажигабилова Галия Базаралиевна сөз сөйлеп, балалардың мектепке психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуының маңыздылығына тоқталды. Ол бейімделу кезеңінде баланы қолдап, мектепке деген қызығушылығын арттыру, күн тәртібін сақтау және өздігінен әрекет етуге үйрету жөнінде құнды ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Семинар аясында жұмыс үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылғаны айтылды: әдістемелік жұмыс, ата-аналармен жұмыс және балалармен жұмыс. Бұл бағыттар бойынша педагогтерге арналған бірлескен семинарлар, ата-аналармен кездесулер, мектепке экскурсиялар және бейімдеу ойын сабақтары өткізілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кері байланыс жүргізді. Семинарға қатысқан педагогтер мұндай шаралардың мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті.
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырған «№127 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі Казыкина Наталья Николаевна ,
балабақша әдіскері Байтурсынова Балзада Жамаловна, Кривякина Марина Григорьевна дене шынықтыру нұсқаушысы, тәрбиешілер: Баудинова Сахибам , Рафатова Татьяна Анатольевна, Исмаилова Айдана Кайратовна, Ешенқұл Алуа Ермаханқызы , логопед- Старичкова Татьяна Владимировна, музыка жетекші-Ганашилина Сауле Абзаловнаға және барша ұжымға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!

Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *