Астана қаласы Д. Қонаев атындағы
№66 мектеп-лицейінің
математика пәнінің мұғалімі
Қазақстанның еңбек сіңірген
ұстазы Тердикбай Күшай
Жаңа Қазақстан құрудың басты құндылықтарының бірі Қазақстандық адам қалыптастыруға бағытталған Қазақстандық жалпы орта білім беруді оңтайландыру мәселесі болуға тиісті. Бұл үрдіс негізгі төрт фактор арқылы өлшеніп бағалануға тиісті. Бұлар оңтайлы білім мазмұны, тиізді білім беру әдістемесі, білікті де мәртебелі ұстаз, қолайлы мектеп болып табылады. Соңғы жылдары президентіміз Қасымжомарт Тоқайұлының бастамасымен ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асып, біліктілік санатын көтерудің оңтайлы механизмі қолданысқа еніп қаржылай ынталандыру жүйесі жетілдірілгені «білікті ұстаз» мәселесін шешу ісін дұрыс жолға қойды. Және де оқушы білімді өз бетінше игеруге бағытталған әдістемелік ұстаным да ары қарай жалғасын табатын оң шешім болғанымен ескі мазмұнға үйлесін таба алмады.

Яғни бұл шешім өткен дәуірде жас өспірімдеріміздің мүмкіндігі мен қызығушылық, қажеттілігін ескермей «Білім құндылықтарын игерту» ұранына сай қалыптасқан, оқушыны «білім қоймасы» болдыруға бағытталған білм мазмұнына үйлеспейтіндігін мойындауымыз абзал.
Қазіргі мектептерде білім сапасы пәндер бойынша орташа есеппен 50-65% деңгейінде бағаланады. Қалғандары немесе оқушылардың жартысына таяуы «орта» деген бағаға ие болады. Олар білім мазмұнын игере алмағандықтан мұғалім оқушыны да өзін де алдарқатып, шарасыз «орта» қойғандар. Кей сыпынтарда білім сапасы 40% -ға да жетпейтін жағдай да аз емес. Сонда бұл сандар бүгінгі білім мазмұнын оқушылардын жартысынан астамы игеру мүмкін емес екенін бұлтарыссыз дәлелдейді. Ал игере алды деген оқушылырымыздың көбі «4»-ке шыққандар, немесе мазмұнды орташа игергендер. Толық игерсе мұғалім қуана отырып «5» қоятыны да түсінікті жағдай.
Сонда бүгінгі мазмұнды 20%-ға жетпейтін үздіктерге ғана игерту үшін оқытып отырмыз деген қорытынды жасауға тура келеді. Бұл көрсеткіш келесі жағынан қарасақ қазіргі білім мазмұнының 80%-ы оқушының мүмкіндігіне сай келмейді деген қорытынды жасауға әкеледі.
Мен 2005 жылы Жапон елінің Білім жүйесін жаңғырту тәжрибесін зерттеуге арналған 1 айлық Халықаралық семинар курсқа Монголядан шақырылған өкілдер құрамында қатысқан едім. Курста дәріс берген ғалымдар мен Білім жүйесінің басшыларының аузынан: Біз 1950 жылдардан бастап «Европалық білім құндылықтарын игерту» жарысына қатысып кетіп, 1980-шы жалдары арнайы қорытында жасап көрсек мектеп қабырғасында бала тірбиелеуден, пәле тірбиелеміз артық болған екен. Себебі күрделі білім мазмұнын игере алмаған оқушы өзіне дәріс берген ұстазын сыйлай алмаумен қатар, мектепке зорлап әкелетін ата анасына наразы болып, білімнен бас сауғалауға душар болғандытан олардың бойында қоғамға деген кері көз қарас қалыптасуға әкелген – деген еді.

Жапон үкіметі 1980-жылдары Білім жүйесін жаңғырту ісін жауаптанған өкіметтік комиссия құрып жұмыс жасап, нәтижесінде 20-ғасырдың соңында оқушыларымыз еркін игеретін білім мазмұнына қол жеткізіп, нәтижесінде ел өркениетінің тірегі болушы «жапондық білім мен жапон азаматын» тірбиелеудің мүмкіндігіне қол жеткізгенін мақтанышпен айтқан еді.
Осы жаңғыртудың нәтижесінде бұл елде 6-сыныпқа (орта-бастауыш білім) дейін тек ана тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге баса назар аударады да, шет тілін, оқушыға игеру қажетттілігі туындайтын кез, 7-сыныптан бастан жеделдетіп үйрету арқылы, 10-сыныпқа дейін толық менгертуді жолға қойған.
Біз олқылықтарымыздың орнын тез толтырып, орта білім беруде елеулі дамысқа қол жеткізу үшін Жапон, Оңтүстік Корея, Сингапур, Дания сияқты елдер тәжрибелерін зертеп, үлгі ала отырып, әр оқушы еркін игеретін мазмұн құруға баса назар аударуымыз аса маңызды болып табылады.
Сонымен қатар орта білім сапасын арттыруда орта мектеп құрылымын оңтайладыруға да назар аударуымыз қажет болатын сияқты.
Мектепке оқушы ілестіру мәселесі тұрғылықты мекенжай бойынша шешілетін, сондай-ақ ауылдық жерлерде көп жағдайда бір ғана орта мектеп болатын біздің ел үшін бүгінгі кейбір мектептерге лицей, гимназия атауын беру талапқа сай емес, бұл үдеріс әр оқушының өз қабілетіне сай бағдарлы оқытуға қатысу құқығын біркелкі қамтамасыз ете алмайды. Себебі лицейде оқитын оқушылардың ішінде ҚГБ бағытын, гимназияда оқитын оқушылардың ішінде ЖТБ бағытын таңдағысы келетін оқушылар жеткілікті екені түсінікті.
Бұл проблеманы, барлық мектептерді бірдей статуста болдырып, оқушыларды 1-6 сыныптарда жалпыға ортақ мазмұн бойынша оқытып, 7–сыныптан бастап, өз мектебінде, өз қалауы бойынша математика-жаратылыс тану(лицей) және тіл-қоғам тану(гимназия) бағытындағы сыныптарда оқыту арқылы, оңтайлы шешуге болады.
Бұл өзгеріске мен қандай үлес қоса аламын?
- Оқушы еркін игеріп, өз қажеттілігіне жарататын білім мазиұнын құруда математика пәнінің қолданыстағы мазмұнына баға бере отырып, жаңа мазмұн туралы өз пікір ұсыныстарымды әзірлеумен қатар, осы ұстанымдарға негіздей отырып 1-11 сыныптар үшін математика пәнінің үлгі бағдарламасы жобасын жасап шықтым.
Математика пәнінің қазіргі бағдарламасы бойынша қалыптасқан мазмұн ғылыми жоғары деңгейде құрастырылғаны оқушыға артық жүктеме жасаумен қатар, 7-11 сыныпқа дейін тек қана алгебра мен геометрияны оқитын жағдай математиканың басқа маңызды бөлімдерін оқытуды шектеп, практикалық қажеттіліктен алшақ, теориялық білім беруге басымдық берілетіндіктен, оқушының қызығушылығын тудыра алмаумен қатар, білімін өмірге ұштастыра игеру қажеттігін қанағаттандыра алмайды. Бұл жағдай сынып өрлеген сайын үлгермеушілер саны артып, бір сыныпта математиканы игерушілер саны 4-5 оқушыдан аспайтын жағдайға душар ететіні жасанды түрде бүркемеленіп келе жатқан өмір шындығы. Осы қолайсыз жағдайдан шығу үшін, бүгінгі білім жүйесіндегі әлемдік оңтайлы бетбұрыстарды ескере отырып, математика пәнінің мазмұндық құрылымын, бастауыш сыныптардан бастап 10-ші сыныпқа дейін:
- Сан және сандағы заңдылықтар
- Алгебра элементтері
- Геометрия негіздері
- Логикалық және комбинаторикалық есептер,
- Мәтін және статистикалық есептер — деген бөлімдерден тұратын етіп жасау қажет деп білемін. Әр сыныптың ерекшелігіне сай бөлімдердің иеленетін сыбағалы салмағы айқындалатын болады
Осы мазмұндық құрылым бойынша үлгі жоспар құрудағы негізгі ұстаным, оқушылардың көпшілігі игеру мүмкін емес математика пәнінің жоғары теориялық жүктемесін барынша жеңілдетіп, оқушының ынтасын тартып, олардың практикалық қажеттіліктеріне сай келіп, өз бетінше еркін игеретін, білім мазмұнын құру мәселесі болуын қамтамасыз ету болды.
10-11-ші сыныптар үшін, жаратылыс және қоғам тану бағытындағы сыныптарда, апталық сағат санының айтарлықтай айырмашылығы мен оқушылардың таңдаған мамандық бағыт бағдары ескерілмей, бірдей мазмұн, бірдей стандарт енгізіліп келген қазіргі бағыт мүлдем қисынсыз, еш нәтиже бермейтін іс әрекет екеніне қорытынды жасай отырып, бұл бағыттар бойынша екі өзгеше мазмұн мен стандарт жасалуы бүгінгі заман талабы болып табылады.
Математика бағытындағы мамандандырылған мектептер үшін 10-12 сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Қолданбалы математика» пәндері жеке пән ретінде, тереңдетіле оқытылуға болады. Ал қоғам тану бағытындағы сыныптар үшін Математикалық сауаттылықты қалыптастыруға басым назар аудары қажет болады, және бұл оқушының қажеттілігіне сай келеді.












