«Мектепке жол» – мейірімділікке бастар ізгі жол

Жаңа 2025–2026 оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша кең өріс алып, дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы №100 жалпы білім беретін мектепте де жалғасын табуда. Бұл игі шара – қоғамда қайырымдылық пен жанашырлықты дәріптеп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалардың мектепке толыққанды дайындалуына мүмкіндік беретін игі бастама.
Акцияның басты мақсаты – әрбір балаға сапалы білім алуына жол ашу, мектепке қажет жабдықтармен қамтамасыз ету және көмекке мұқтаж оқушыларға қолдау көрсету арқылы ізгілік пен қамқорлықты насихаттау. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл акция биыл да өз деңгейінде өтіп, мейірімді жандардың жүрек жылуын сыйлады.

Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты №100 ЖББМ КММ ұжымы да аталмыш акциядан тыс қалмай, әлеуметтік мәртебесі бар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қамту мақсатында нақты жұмыстар жүргізді. Мектеп әкімшілігі мен ұжымы жүйелі жоспар құрып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін жасақтап, оларды қажетті киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Нәтижесінде, жалпы саны 55 оқушыға қолдау көрсетілді.
Акция басталған сәттен бастап, 28 оқушыға «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Медеу аудандық әкімдігі тарапынан 18 балаға мектеп формасына арналған сертификаттар мен оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды. Ал «Аманат» партиясы атынан 3 оқушыға кеңсе тауарлары үлестірілді.
«Қайырымдылық – жүректен» демекші, бұл игі бастамаға ата-аналар қауымы да шынайы жанашырлықпен атсалысты. Қайырымдылыққа ниет білдірген бірқатар ата-аналар 6 оқушыға арнап 200 000 теңге көлемінде мектеп формасы мен сөмкелер, оқу құралдарын сыйға тартты. Осындай қамқорлық танытқан ата-аналардың қатарында:
Вахламова А.В.
Амирова Р.И.
Амирова М.А.
Байрамова З.К.
Жанабылов А.Е.
Митина А.М.
Алиев Д.Б.
Быковских Т.А.
бар екенін ерекше атап өткіміз келеді.

Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы атынан барлық жанашыр ата-аналар мен серіктестерге шын жүректен алғыс айтамыз! Осындай ізгі жандардың арқасында талай оқушы мектеп табалдырығын шат-шадыман көңілмен аттамақ.
Бұл акцияның ұйымдастырылуында №100 ЖББМ КММ директоры Калынбаева Карлыгаш Нургазиевна мен әлеуметтік педагог Нурсеитова Альгиза Атамкуловна ерекше еңбектенді. Олардың кәсібилігі мен жанашырлығының арқасында көптеген балаларға қажетті көмек көрсетіліп, акцияның жоғары деңгейде өтуі қамтамасыз етілді. Калынбаева Карлыгаш Нургазиевна өзінің басшылығымен мектептің барлық қызметкерлерін біріктіріп, қайырымдылық шараларының жемісті жүзеге асуына үлкен үлес қосты. Ал әлеуметтік педагог Нурсеитова Альгиза Атамкуловна өз жауапкершілігін терең сезініп, әрбір оқушының қажеттілігін анықтап, нақты көмек көрсету үшін аянбай еңбек етті.
Жақсылық жасау – жүректің ісі. Ал жүректен шыққан мейірім – баланың болашағына сәуле шашатын нұрлы жол. «Балаға қуаныш сыйлау – бақыттың биік шыңы» екенін ұран еткен №100 ЖББМ КММ ұжымы алдағы уақытта да осындай бастамалардың басы-қасында болуға дайын.

BILIM AINASY
Ақерке Амангелдіқызы
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *