Түлектерге

Білім алған алтын ұя мекеппен,

Қоштасатын сәтте келді түлектер.

Қимастық көп болғанменен қаншама,

Қанат қағар уақыт келді мектептен.

Жаңа өмір күтер сені тек алда,

Жаңа орта, бәрі енді жаңаша.

Тек сағыныш, көп естелік,

Қалар мәңгі, мына сенің жадыңда.

Көп рахмет ұстаз деген ұлыға,

Еңбегі көп, бар оқушы алдында.

Білім беріп, ғылымға бізді баулыған,

Сіздерге мың алғыс айтам ұстаздар.

Жетістіктер, жеңістер тек тілеймін,

Жас түлекке жаңа өмірдің жолында.

Тек сәттілік серік болып бір саған,

Айналғайсың ел мақтаған тұлғаға.

Қостанай облысы, Рудный қаласының  №19 қазақ орта мектебінің 11 «А» сынып оқушыларын мектеп бітіруімен құттықтаймын! Сіздерге алдағы талай сындардан сүрінбей өтулеріңізді тілеймін. Болашақта Қазақстанның атын әлемге шығарар тұлғаға айналуларыңызға тілектеспін.  Бізге білім берген  №19 орта мектебінің барша мұғалімдеріне және 11 «А» сыныбының сынып жетекшісі Рамазанова Шолпан Қожанқызына ерекше алғысымды білдіремін!

 Абдикеров Нұржан
«№19 орта мектебі»КММ
11«А» сынып оқушысы
Рудный қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.