Home » Жаңалықтар » Халықаралық «Күншуақ» фестиваль – байқауы өтті

Халықаралық «Күншуақ» фестиваль – байқауы өтті

2-5 маусым күндері Алматы қаласында «Күншуақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Халықаралық «Күншуақ» фестиваль-байқауы өтті.Сол байқауға Зеренді ауданы музыка мектебінің Шағалалы ауылындағыфилиалы оқушылары (Шағалалы орта мектебінің оқушылары)  Дәулетхан Айгерім және «Балдәурен» тобы қатысты. Жетекшілері Кажыгалиева Гульнафис Башариновна. Жетекшісі де, оқушылар да арнайы дипломдармен марапатталды.
Дәулетхан Айгерім «вокал» номинациясынан 14-18 жас аралығындағы категорияда ГранПри жүлдесіне ие болды. Ал «Балдәурен» тобы вокал номинациясының «Вокалдық топтар» категориясындаГранПри иегері атанды. «Балдәурен» тобының мүшелері: Дәулетхан Айгерім, Хайрат Ақерке, Әбілқасым Дана, Әбілқасым Аида, Гордиевская Сабина.          Айгерім  бұған дейін бірнеше байқауларды жеңіп жүрді. Ал «Балдәурен» тобы облыстық көркемөнерпаздар байқауының лауреаттары атанып жүр.
20 маусым күні Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетуге шақырылып отыр.

Динара Есенбаева
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.