Home » Мақалалар » Тіл — достықтың айнасы

Тіл — достықтың айнасы

«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне араластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би- шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. Адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі — ең ұлы.

Тіл — адам қарым-қатынасындағы ең маңызды құбылыс, халықтың жаны, оның мәдениетінің негізі, адамдарды байланыстыратын, тірек және тәрбие беру құралы болып табылады.

Бүгінгі күні, мемлекеттік тілді үйрену қоғамның табысты дамуы үшін қажетті фактор болып табылады. Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық топтарды біріктіруге және нығайтуға көмектеседі.

Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолдануылына қажетті жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға көмек беру үшін өткізілетін мәдени – көпшілік шаралар оқырмандарға тілді оқып – үйренуге қажетті әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздіктер, өз бетімен оқып – үйренуге арналған тілашар — тілдескіш көрнекті құралдарға шолу кітапхана жұмыстары ішіндегі ең бастысы болып табылады.Тілді үйрену — өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы ұғымдарды қабылдап, ана-тілі арқылы үйреніп, бойымызға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. «Тіл- тіршіліктің бастауы» демекші ана тілін бесік жырынан, ананың әлдиінен, қоршаған ортамен еліктеу арқылы үйренеді.

Ана тілі –адам болып, жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.Тілдің өзі жүректің терең сырларын, халық тамырының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Ұлттық салт-дәстүрдің, әдет ғұрыптың одан әрі дамуы, ұлттық мәдинеттің гүлденуі ұрпақтар арасындағы сабақтастың ұлы жемісі- сол ана тіліміз.

Ана тілі арқылы маңайындағыны болып жатқан жағдайларды саралап, адам өзінің көзқарасымен ой-пікірін түйеді. Отанға, халыққа деген махаббатымызды, мүйіспеншілігімізді ана тіліміз арқылы жеткізе аламыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болсада өмір сүре алмақшы емес, тілдіңөзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек қоғамнан тыс бөлек тіл жоқ. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың, бірліктің бастауы, ырыс-берекенің алды. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Қоғамдық өңдірістің қай саласы болса да ұйымдастыруы ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты және өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге жеткізетін – осы ана тіліміз.

Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі. Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде қасиетті қазақ тілім!

 

Омарханова Светлана Имангалиевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.