Home » Балабақша » Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік

Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік

 Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртәбін реттеуші, көше қиылысы.

Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі:

-Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

  1. Балалар жарты ай болып отырады.

Армысың, алтын күн,

Армысың, асыл жер,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос.

  1. Музыка болады, отырады.
  2. Дымбілмес кіріп келеді.

Не болды, мен қай жерге келіп қалдым?

  • Бұл «Айша-Биби» бөбекжай-балабақшасы, «Камалак» тобы.

Мен Дымбілмеспін, орманнан келдім, бірақ мен бұл жерге келгенге дейін көп қиыншылықтарға кездестім.

Тәрбиеші: Қандай қиыншылықтарға кездестің?

Дымбілмес: Мен көліктің астына түсін кетейін дедім және жолдан адасып қала жаздадым. Қай жерге келгенімді білмей қалдым.

Тәрбиеші: Түсіндім, Дымбілмес, сен жол ережелерін білмейсің, солай ма?

Дымбілмес: Ия, ол қандай ереже?

Тәрбиеші: Онда бүгін біз саған балалармен бірге жол жүру ережелерін үйретеміз, сонда сен ешқандай қиыншылықтарға кездеспейсің.

Дымбілмес: Бұл жерге келгенім жақсы болды, көп нәрселерді үйреніп алатын болдым.

Балалар: Әрине, бұл жерде көп нәрселерді үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, біз ауылда тұрамыз, жол жүру ережелерін жақсылап үйреніп алып, біліп алу үшін қалаға саяхатқа баруымыз керек, қалаға қандай көлікпен барамыз? Автобуста ма, жүк көлігімен бе, жеңіл көлікпен ба?

Балалар: Автобуспен барамыз.

  • Балалар, мынау автобус тоқтайтын және де жүретін белгі.

Тақпақ:

Шохнур:

Жол – көліктің жүрегі

Көліктер көп жүреді.

Қауып жоқ деп ойлама,

Жолда футбол ойнама.

Мафтуна:

Жол тәртібін білеміз,

Сол жағымен жүреміз.

Қарсы  келе жатқан

Көліктерді көреміз.

Фотима:

Айнал, қауып бар, ойла,

Жан-жағыңа қарайла.

Сырғанасаң көшеде

Көлік жолын абайла.

Иброхим:

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Біліп алдым мен де,

Жасыл жанса демде,

Алға кетем лезде.

Сары жанса сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Балалар: Қолында пирамиданың бөлектері бөлме ішінде дыбыс шығарып жүреді: пин-пин-пин

Тәрбиеші: Міне, қалаға да жетіп келдік. Қала өте үлкен, үлкен  көп қабатты үйлер, көліктер өте көп, сондықтан абай болып жүруіміз керек.

Полиция: Дұрыс айтасыз. Бұл үлкен қала, сондықтан жол жүру ережелеріне бағынуымыз керек.

Балалар: Сәлеметсізбе?

Тәрбиеші: Сіз бізге жол жүру ережелерін үйретесізбе?

Полиция: Ақылды, тәртіпті балалар екен, әрине менің борышым балалар мен адамдарды қорғау, мына тұрған бағдаршам, бұл бағдаршам – адамдар мен көліктердің бір-бірімен соқтығып қалмауы үшін керек.

Бағдаршам: Сәлем, балалар!

Балалар: Сәлем, бағдаршам!

Бағдаршам: Мені теледидардан, қала көшелерінде, мультфильмдерде көрген боларсыңдар?

Балалар: Иә, көргенбіз.

Бағдаршам: Онда сендерге мына үш көзімнің қандай жұмыс атқаратынын айтайын:

Қызыл-жанса тоқта,

Сары- жанса дайындал,

Жасыл-жанса алға.

Тәрбиеші: Қоя тұр, бағдаршам, менің балаларым сенің шырақтарыңа айтатын тақпақтары да бар.

Шодиена, Нозлы, Рустам

Сергіту сәті:

Мына менің қолымда үш түрлі туым бар,

Мен қызыл туды көтергенде – бір жерде тоқтап тұр.

Сары туды көтергенде – дайындал,

Жасыл туды көтергенде – бір орында тұрып жүгір.

«Ойлан тап»

Полиция: Бағдаршам, бізді жолдың арғы бетіне өткізіп қой.

Бағдаршам: Жасыл туды көтереді.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, мына жерде бір белгі бар екен. Жолдан өтер кезде ақ жолақша үстінен жүру керек. Бұл ақ жолақша адамдар үшін жүретін жол. Ақ жолақша белгісін көрсету.

Балалар: Ақ жолақша үстінен жүріп жолдың арғы жағына өтеді.

Тәрбиеші: Балалар, сендердің тапқырлықтарыңды мен сынап көрейін. Екі топқа бөлініп бағдаршамды құрастыру. Балалар, жүріңдер, кинотеатрға кіріп көліктер туралы мультфильм тамашалайық.

Төрт бала көлік айдап келе жатады, полиция тоқтатып белгіні айтып түсіндіреді.

 

Полиция: Міне балалар, жол жүру ереже белгілері алдарыңда тұр, жолда жүргенде абайлап жүріңіз, жол жүру ережелеріне бағынсаңыз, сіздің өміріңіз қауіптен аман болады.

 

Тәрбиеші: Балалар енді біз өз аулымызға қайтуымыз керек, жолда жүру ережелері тұралы көптеген нәрселерді көріп біліп алдық.

 

Дымбілмес: Мен де көп нәрсені біліп алдым. Көліктерді, бағдаршамды, көп қабатты үйлерді көрдім, енді жол жүру ережелеріне бағынып жүретін болдым.

Балалар бағдаршаммен, полициямен қоштасып, рахмет айтады.

Тәрбиеші: Балаларға үш түрлі шар сыйлыққа береді, түсін, пішінін айтып береді. Балалар қоштасады.

Абдумажидова Элнора Абдихановна

                                 «Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі

                                            Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                     Қарнақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.