Home » Айтарым бар » Еңбекқорлығымен елге танылған — ұстаз

Еңбекқорлығымен елге танылған — ұстаз

Жумажанова Балганым  Закарьяевна — «Білім беру ісінің майталманы» төсбелгісінің иегері, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы «№6 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» тарих және география пәнінің мұғалімі.

Көпке үлгі болып жүрген еңбекқор ұстаз, әріптес, жастардың ақылшысы, шәкірттердің мақтанышы, отбасының тірегі бола білген аяулы ана, асыл жар. Еңбекқорлығымен елге танымал болды. Педогогика саласында еңбек еткелі талай шәкірттер алдынан өткен Балганымның қазіргі шәкірттері де үлкен жетістіктерге жетіп жүр.

Атап айтсақ, 2014-2015 оқу жылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Халықаралық балалар академиясы ұйымдастырған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің 1941-1945 жылдардағы ардагерлері жылы» шеңберінде «Салют, Жеңіс!» халықаралық өлкетану оқу-зерттеу жұмыстарына Балганым Жумажанованың жетекшілік етуімен зерттеу жұмысын ұсынған 5-сынып оқушысы Құаныш Нұрдәулет № 02481 бойынша тіркелген халықаралық сертификатты иеленді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінен Балганым Жумажанова дарынды оқушылармен жүргізген жұмысы бойынша оқушысы Доғдырбаев Асар Бас жүлде алып, республикалық кезеңде І орын иеленді.

БҰҰДБ-ның биоалуантүрлілік бойынша жобаларының ұлттық үйлестірушісі және Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мен Қарақия ауданы әкімінің ұйымдастыруымен өткен «Парктер шеруі-2015» акциясында Балганым Жумажанова дайындаған Бердіғали Гүлзада І орын иеленді.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен «Қазақстан — Ақтау» телеарнасы бірігіп өткізген «Зерде» зияткерлік ойынына дайындап, қатыстырған оқушысы Сәрсенғалиұлы Мирас апталық, айлық ойын жеңімпазы болып, ақтық додаға қатысты және білім басқармасының алғыс хатын иеленді.

Сонымен қатар ақпарат құралдарымен , мысалы аудандық «Қарақия» газеті, республикалық «Қазақстан әйелдері», «Айгөлек» журналдарымен тығыз байланыс орнатып, оқушыларымен біріге отырып жазған бірнеше мақалалары газет және журналдар бетіне жарияланды. Атап айтсам:

«Қарақия газеті» Құаныш Нұрдәулеттің: «Менің атам — ардагер», осы мақала арқылы бұрын көп еленбеген атасы Есенбай Сүлейменовтың майдан жолы туралы жарияланып, ақсақалды «Тағзым» жинағына енгізуге қол жеткізді; «Қарақия газеті» Қалабай Мәдинаның: «Ұшқыш Бегейбай» мақаласы арқылы ҰОС аттанған Маңғыстаулықтардың ішінен шыққан жалғыз ұшқыш Бегейбай Ахметов туралы насихатталды. «Қазақтан әйелдері» және «Айгөлек» журналына:Бердіғали Гүлзаданың «Достық» әңгімесі, «Қазақтан әйелдері» журналына: Қалабай Мәдинаның «Шөжетайым» әңгімесі жарық көрді.

2016-2017 оқу жылының соңында Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Эрудит порталы өткізген «Мәртебелі маман-2017» байқауына қатысып үздік нәтижеге қол жеткізіп №0263 бойынша тіркелген дипломмен марапатталды. Білім саласындағы ерен еңбегінің нәтижесінде №0820 бойынша тіркелген «Білім беру ісінің майталманы» төсбелгісінің иегері атанды. Бұл бүкіл ұжым үшін үлкен мақтаныш болды, себебі Балганым Закарьяевна осындай үлкен жетістікке жеткен алғашқы әріптесіміз еді.

Сисенова Марина Мухтаровна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы,

Құрық ауылы, «№6 ОМ КММ»

математика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.