Home » Жаңалықтар » Астанада жұмысшы жастар арасында футбол турнирі өтті

Астанада жұмысшы жастар арасында футбол турнирі өтті

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 25 маусым күні «Жұмысшы жастармен өзара әрекеттесуге бағытталған іс шаралар кешені» жобасы аясында кіші футболдан турнир өтті.
Турнир «Сарыарқа Велотрегінің» кіші алаңдарында өтті. Турнирде әртүрлі мекемелерден 10 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша I орынды Денсаулық сақтау министрлігінің құрамасы «Минздрав», II орынды Астана қаласының базар жастары құрамасы «Шанхай», III орынды «ДАЗ УДП РК» құрамасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерлерге Кубок, грамота және бағалы сыйлықтар табысталды.

          


Өмірзақов Жарқынбек Қалдыбекұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.