Студенттер арасындағы Спартакиада
2025 жылы 19-наурызда университетіміздің студенттер даңғылында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің басқармасы және «Тұран» спорт клубы ұйымдастыруымен факультет студенттері арасында Наурыз мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Қатысушылар арқан тарту, ләңгі тебу, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты ұлттық ойын түрлері бойынша сайысты. Ұлттық ойын түрлерінің ашылу салтанатына университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін…








