«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды. Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет онлайн форматта өткізілді. «Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, жоо-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Қандай да…








