Home » Жаңалықтар (page 47)

Жаңалықтар

Мектептерде оқу жылының аяқталу мерзімі бекітілді

   Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады. Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тиісті бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім ...

Толығырақ »

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

   30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды. Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – ...

Толығырақ »

Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 1️. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету көмегін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс беру. Норма мемлекеттік емес ұйымдарға осындай қажет орталықтарды ашуға және көрсетілген қызметтер үшін бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік береді. Бұл механизм жеке балабақшалардың қызметімен бірдей. 2️. Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын мемлекет меншігінде қалдыру. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі ...

Толығырақ »

Балаусаның еміне қаражат жинап берді

ҚМДБ-ның  төрағасы, бас мүфтидің бастамасымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешіті жанынан ашылған «Қайырымды кәсіпкерлер» бірлестігі қасиетті  Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғанындай, қайырымды кәсіпкерлер Орал қаласындағы Круглоозерный кентінің  тұрғыны Бауыржан Жүсіповтың қызы  Балаусаның Ресейдің Самара қаласынан алатын кезекті ем-шарасына  қаржылай көмек қолын созған.  Балауса Бауыржанқызының еміне жиналған 345 мың теңге қаржыны ...

Толығырақ »

17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті

    «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың сәуір айында республиканың мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Оқу жоспарының вариативтік бөліміне арналған үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті.          Конкурстың республикалық кезеңіне 17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті, конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес 15 бағдарлама іріктеуден өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: Гран-при — Мұханбетқалиева ...

Толығырақ »

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті дамуының жаңа кезеңі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – теріскейдегі жалғыз жоғары білім беретін білім ордасы. Облысты кешенді дамыту жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Сол жоспардың аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 1750 орынға арналған 3 заманауи жатақхана құрылысы жоспарланған. Жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге бес корпус пен үш жатақханаға күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. ПОҚ жалақысы 2021 жылдың қыркүйегіне қарай тағы 20% ...

Толығырақ »

Мектептерде жеміс ағаштары жайқалатын болады

Оралдық мектептерде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен «Мектеп. Алма бақ. Оқушы»  жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы аталмыш бөлімнің баспасөз қызметі мәлімдеді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің «Менің аулам – менің бағым» идеясы негізінде қолға алынған бұл жоба жеті мектепте бастау алды.  Үш жылға арналған жобаны жүзеге асыруға  С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық питомник-бақтың директоры Қайрат Кәрімов қолдау көрсетпек. Жыл басында ...

Толығырақ »

Оралдағы кітапсүйерлер клубы

23 сәуір –  Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Осыдан бір жыл бұрын Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ата-аналармен бірлескен  «Тәрбие әлемі» кітапсүйерлер қауымдастығы құрылған. Бұл туралы аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жобаның алғашқы айларында педагог, ата-ана және кітапханашылар үштігі бала тәрбиесіне қатысты арнайы әдебиеттерді оқып, өзекті мәселелерді талқылау алаңын құрса, кейін жобаға оқушылар да қосылған. Жоба виртуалды режимде бірлескен ...

Толығырақ »

Жер ҚАЗАҚТЫҢ мұрасы!

     Ауылда тудым, ауылда өстім, қазір де ауылмен жақсы қарым-қатынастамын. АШ жерлерін сатуға, сатылымға шығаруға ҚАРСЫМЫН. Бірақ, ол АШ жерлерін әр нәрсеге сылтау етіп. Мемлекеттің игілігі үшін деген жалапақ желеулермен «қорық» жасаймыз «зоологиялық аймақ» етеміз деп шетелдіктердің не жекелеген біреулердің мақсаты үшін жерімізді қалай болса солай, бейберекетсіз пайдалануға келіскенім емес. Сондықтан құрметті отандастарым, бауырларым, болашақтың қамын ойласақ осы мәселені де ...

Толығырақ »

Астанадан келген хат

        Хат алмасудың ең жеңіл әрі қарапайым түрі — Ол уатсап жүйесі екені бәрімізге белгілі. Дамылсыз келіп жатқан хаттардың біріне ерекше тоқталғым келді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №85 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Альжанова Дана Қабылкешқызының хаты. Амандық саулықтан соң бірден оқушысы жайында сөз қозғаған екен. Оқушысын мақтан еткен ұстаздан айналайын. Бірақ Дана ...

Толығырақ »