Home » Жаңалықтар (page 60)

Жаңалықтар

«ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ — ҰЛЫ АБАЙЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі  Бүгін өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығында «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.     Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында орталық тәрбиеленушілері ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінді сахналады. Бұдан бөлек тәрбиеленушілер орталықта құрылған «Абай ауылына» саяхат жасап, кемеңгер ақынның заманына енді.

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР 152 МЕКТЕПКЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі     Биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында «Мектепке тағзым» акциясы аясында облыс мектептерінің түлектері  өңірдегі 152 мектепке  материалдық  көмек  көрсетті.    Атап айтсақ, мектеп өміріне қажетті деп танылған компьютерлер, планшеттер, магниттік тақталар, велосипедтер, шахмат кабинеттінің жиһаздары, домбыралар және спорттық құрал-жабдықтар табыс етілді. Бұдан бөлек мектептердің ауласында газондар, шыршалар, жеміс ағаштары отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. ...

Толығырақ »

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

Жамбыл облысы  әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі Білім басқармасының ұйымдастыруымен 10-11 маусым күндері жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында ХХІ облыстық «Абай оқулары» байқауы онлайн форматта өтті. Мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс бойынша 52 оқушы қатысты. Байқау барысында оқушылар  «Өлең – ...

Толығырақ »

КӘСІБИ ШЫҢДАЛУ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЙДЫ

Аға оқытушы Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна. 2020 жылдың  1 – 12 маусым аралығында Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы  облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен облыс орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы  Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна қашықтықтан оқыту арқылы «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 7181 ТҮЛЕК БІЛІМ ГРАНТЫН АЛУҒА НИЕТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі  2019-2020 оқу жылында облыста 9 171 түлек мектепті аяқтады. Олардың ішінде білім грантын алуға ниет білдірген  7181 түлек (78,3%) маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініш тапсырды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың және облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғазиз Надуевтің қатысуымен өткен баспасөз коференциясында ...

Толығырақ »

ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ДОМБЫРА – ДАСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі 9 маусым күні білім басқармасының ұйымдастыруымен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығында домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған  домбыраға қызғушылық сезімін ояту, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру болды. Аталған шараға орталықтың өнерлі ...

Толығырақ »

«ОТБАСЫ САЙЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі  8 маусым күні Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорттық алаңшасында «Отбасы сайысы» атты облыстық турнирі өтті.  Білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы ұйытқы болған спорттық сайыс Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылды.    Спорттық шараның негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Ашық алаңда өткен спорттық сайысқа ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛДЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі     3-4 маусым күні Жамбыл облысындағы барлық мектептерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті. Биыл Жамбыл облысы бойынша 9 171 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Мектеп түлектерінің 383-і «Алтын белгі» және 366-ы «Үздік аттестат» иегері атанды. Мерекелік шара мектеп қабырғасында, таза ауада, тек 11 сынып ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРАЗДАҒЫ №2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының баспасөз қызметі      Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы №20 орта мектеп жанынан ашылған №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысымен танысты. Бұл мекемеде Тараз қаласының 3, 8, 7, 4 және 6 мөлтекаудандарында тұратын ерекше білім беруді қажет ететін 150 балаға қызмет көрсетілетін болады.   Мекемеде кабинеттер балаларды оңалтуға арналған құрал-жабдықтармен, әдістемелік материалдармен, әдеби ...

Толығырақ »

«СӘУЛЕ» ФАБРИКАСЫНА САЯХАТ

 Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының баспасөз қызметі   Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне және ерекше білім беруді қаже ететін балаларға «Сәуле» кондитерлік фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды. Онда балалар тәттілердің дайындалу технологясымен танысып, танымындарын арттырды. Саяхат соңында балалар кондитерлік фабриканың тәттілірінен дәм татып, қоржындарын толтырып қайтты. Алдағы уақытта мұндай экскурсиялар дәстүрге айналмақ. Себебі бұл ...

Толығырақ »