Home » Жаңалықтар » 17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті

17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті

    «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың сәуір айында республиканың мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Оқу жоспарының вариативтік бөліміне арналған үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті.

         Конкурстың республикалық кезеңіне 17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті, конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес 15 бағдарлама іріктеуден өтті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

Гран-при — Мұханбетқалиева Ж., «Балабақшадағы мульстудия» бағдарламасы (Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, «Сыр жұлдызы» бөбекжай-бақшасы);

I орын — Б.М. Габдуллина, «Земля — наш общий дом» бағдарламасы.  Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу бойынша (КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялық орталығының маманы);

II орын – С. Байғалым, «Жас зерттеушілер» бағдарламасы (Алматы облысы, Қарасай ауданы «Сандуғаш» бөбекжай балабақшасы);

II орын – А.Ш.Утебалиева, Ш.Ф. Садырова, «Шаңырақ» бағдарламасы (Атырау облысы, Атырау қаласы, «Андерсен» жекеменшік балабақшасы);

III орын – Ә. Қайыржанқызы., Н. Нұралина., «Кішкентай зерттеуші» бағдарламасы (Ақтөбе облысы, № 13 «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы);

III орын – Р. Рабаева,  «Музейлік педагогика арқылы патриоттық тәрбие беру» бағдарламасы (БҚО, Орал қаласы, «№6 «Шолпан» бөбекжайы).

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы авторлық вариативті бағдарламаларды жүзеге асырудағы жемісті жұмыстары үшін байқаудың келесі қатысушыларын алғыс хаттармен марапаттайды:

  1. Дурбаева С.К., Адылгазинова Г.Х., Кожанова Г.Т., Өмиртаева А.А., «Тұмар» бағдарламасы (ШҚО, Семей қ., №11 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы);
  2. Коваленко О.В., «Формирование представлений о цвете у дошкольников 4-5 лет» бағдарламасы (Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №1 «Тополёк» бөбекжайы);
  3. Т.В. Безина, О.В. Столяренко, В.А. Кваша, программа «Хочу все знать» (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Солнышко Тараза» балабақшасы);
  4. Жичина Е.М., Яковлева М.Г., 5-6 жастағы балаларға арналған «Ребенок и экономика» бағдарламасы (Қарағанды облысы);
  5. Мукашбекова С.С., «Табиғат әлемі» бағдарламасы (Қарағанды облысы);
  6. Кереева З.Ш., «Дизайн в детском саду» бағдарламасы (Атырау облысы);
  7. Трегубская Е. В., «Лаборатория профессора Почемучкина» бағдарламасы (Қостанай облысы, Рудный қ., №12 балабақша);
  8. Шекеева В.Б., «Бестемше», «Тоғызқұмалақ-ұлттық ойындар әліппесі» бағдарламасы (Павлодар облысы, Павлодар қ);
  9. Асанбаева А.А., «Бес тас» бағдарламасы (Алматы қ.)

«Оқу жоспарының вариативтік бөліміне арналған Үздік авторлық бағдарлама» конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.

Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының www.rc-dd.kz  сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.