Home » Жаңалықтар » М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті дамуының жаңа кезеңі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті дамуының жаңа кезеңі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті – теріскейдегі жалғыз жоғары білім беретін білім ордасы. Облысты кешенді дамыту жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Сол жоспардың аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 1750 орынға арналған 3 заманауи жатақхана құрылысы жоспарланған. Жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге бес корпус пен үш жатақханаға күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. ПОҚ жалақысы 2021 жылдың қыркүйегіне қарай тағы 20% -ға арттыру көзделген. Ең төменгі жалақы 200 мың теңгені құрайды. Бұл туралы СҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма төрағасы — Ректор Ерлан Шуланов мәлімдеді.

Брифингте ректор облыстағы жалғыз жоғары оқу орнының алдына қандай перспективалар мен даму міндеттері қойылатыны туралы ойымен бөлісті. Соңғы жылдарда университеттің даму динамикасы қарқынды түрде өсіп келеді. «Атамекен» НҚА рейтингісіне сәйкес университет үш жыл қатарынан еліміздің үздік жоғары оқу орындарының ондығына кірді, білім алушылар саны 39% — ға, шетелдік студенттер саны 4 есеге өсті. Қазір университетте  жалпы 7706 студент өз мамандықтарын игеріп жатыр.

Қазір инженерлі-техникалық, агротехнологиялық және  медицина факультеттерін орналастыру үшін 11 қабатты оқу-зертхана корпусы салынып жатыр. Онда 70-тен астам зертхана болады деп жоспарлануда. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарға бейіндері бар тағы бір оқу-зертханалық корпус салу мәселесіде күн тәртібінде тұр.

Университеттің инновациялық, зерттеушілік және пәнаралық білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ қосдиплом және дуалды оқыту бағдарламаларын енгізу тәжірибесі жалғасатын болады.

ҚР БҒМ «Академиялық артықшылық орталығы» жобасы аясында педагогикалық білім беру, жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша жаңа ғылыми зертханалар ашылатын болады. Жаңадан ашылатын ғылыми зертханалар оқу процесінде студенттердің ғылыми-зерттеу жүргізетін орнына айналатын болады. Н.Назарбаев университетінің шетелдік тәжірибесі мен нәтижелері негізінде оқытудың озық тәжірибесі мен бағалаудың жаңа институционалдық стратегиясы әзірленетін болады. М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері шетелдік стандарт бойынша әзірленген жаңа үлгідегі диплом алатын болады.

Университеттің ғылыми бағытын дамыту стратегиясы ғылыми гранттар алуға арналған (жыл сайын 20-25 өтінім) бағдарламаларға қатысып, ғылым саласындағы әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуда. Әсіресе жас ғалымдар мен студенттерді ғылыми зерттеу жұмысына тарту көзделген. Бүгінде университет гранттық қаржыландыру аясында жалпы сомасы 250 млн.теңгеден астам 7 ірі жобаны жүзеге асыруда.

Университет Академиялық адалдық мәдениетін белсенді дамытуда. Kozybayev University қызметіне ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты енгізіледі. Білім алушылардың барлық жазбаша жұмыстары мәтінді ашық дереккөздер бойынша тексеруден өтеді. 2021 жылдан бастап университет бюджетін ашық бюджеттердің интерактивті картасында және ресми сайтта жариялау тәжірибеге енбек.

Цифрлық эко орта аясында университеттің барлық бизнес-процестерінің жартысынан көбі автоматтандырылған. 2023 жылға қарай ЖОО-ның барлық сервистері мобильді қосымшалар арқылы студенттерге қолжетімді болады. Студенттік және оқырман билеттерін, банк картасын, рұқсаттаманы біріктіретін студенттің бірыңғай картасы жастардың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді. Веб-ресурстар университетті бітіргеннен кейін мансапты одан әрі дамыту үшін бірінші жылы түлектердің 90% — дан астамын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, студенттік өзін-өзі басқарудың функциялары мен өкілеттіктері кеңейтілмек, — деді Ерлан Нұрлыбекұлы.

Сондай-ақ, брифингте басқарма мүшесінің м.а. Жанар Таласпаева университетке 2021 жаңа оқу жылына қабылдау науқаны туралы мәлімдеді. Биылдан бастап ҰБТ электронды форматта өткізіледі. Педагогикалық мамандықтарға өту балдары 75 — ке дейін, агрономиялық мамандықтарға 65-ке дейін ұлғайтылды. Kozybayev University-те мектеп түлектері ҚР БҒМ 2000 грантына, СҚО әкімдігінің 50 грантына, педагогикалық және ауылдық квоталарға, «Серпін» бағдарламасына үміткер бола алатынын тілге тиек етті. Олай болса Kozybayev University-і жаңа оқу жылына өз студенттерін құшақ жая қарсы алуға дайын. Халықаралық стандарттағы заманауи жабдықталған университеттің есігі келем деушіліерге айқара ашық!

 

 «BILIM AINASY»
ҚР журналистер одағының мүшесі
Көкбасқызы Жазира,  СҚО

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.