Home » Жаңалықтар (page 20)

Жаңалықтар

1 сәуір — ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІНЕ байқау жарияланады

«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Қазақ жігіттері» меценаттар клубы және «Сайыпқыран», «Білім айнасы», «Қазақ газеттері» ақпараттық сайттары, Қарағанды облысының Азаматтық кеңесі қоғамдық бірлестігі, Бірінші Қарағанды телеарнасы ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде қазақтың дарынды композиторы, әрі дирижері Н.Тілендиевтің туған күніне орай белгіленген 1 сәуір – Қазақ өнері күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында ең үздік құттықтауға республикалық байқау ...

Толығырақ »

М.О.Әуезовтың рухани шәкірттері

      Нұр-Сұлтан қаласындағы Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында I қалалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Қазақ әдебиетінің алыбы, академик М.О.Әуезовтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл байқауға 100 ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Білім дариясының кемеңгері  Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы “осы күнгі біздің көп ...

Толығырақ »

Біз шырқаған және балаларымыз шырқайтын әндер

   Ән… Тарих кезеңдерінен келе жатқан рухани құндылықтарымыздың бірі, бұл — өнері.  Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Нұр – Сұлтан қаласындағы Шейх Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде халқымыздың белгілі сазгерлерінің әндерін орындау және шығу тарихын білу арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу; ата – аналарымыздың орындауындағы әндер арқылы жасөспірімдерге әннің құдіретін, ...

Толығырақ »

Қияға қанат қаққандар

  «Астана Халықаралық университеті Педагогикалық колледжі» – бәсекеге  қабілетті мамандар даярлауда өзіндік даңғыл жолы бар, өзіндік мектебі қалыптасқан  іргелі оқу орындарының бірі. Білімді де, білікті мамандық иелерін даярлайтын қара шаңырақ түлектері бүгінде еліміздің  әр өңірінде  еңбектерін жасап, несібесін теруде. Бүгінгі күні колледж қабырғасын «Музыкалық білім беру»  мамандығы бойынша оқып, бітіріп  шыққан түлектер, қаламыздағы және іргелес шағын аудандарда  орта білім беру  және мектепке ...

Толығырақ »

Шабдаржаптан шыққан палуандар

Шабдаржаптан шыққан палуандар «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, әңгіменің төркіні қатарынан оза шапқан, татамиді сілкіндірген жас спортшылар жөнінде болмақ. Ағымдағы жылдың 17-21 ақпан аралығында Қостанай қаласында оздырылған самбо күресінен жасөспірімдер арасында КСРО спорт шеберлері В.В.Попова мен В.И.Бабенконы еске алуға арналған Республикалық турнирге Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылынан жерлес ұл-қыздарымыз аттанған еді. Спортшыларымыз бапкерлерінің еңбегі мен үміттерін ақтап, жарыстан қанжығалары майланып қайтқан ...

Толығырақ »

NIS-тің Педагогикалық шеберлік орталығынан елге шабыт

Педагогикалық шеберлік орталығының танымал «Шабыт» жобасына алғаш рет еліміздің барлық ұстаздары қосылды. Өткен жылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ашылған «Шамшырақ» онлайн алаңында «Шабыт» атты ауқымды білім беру жобасы басталды. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы NIS мұғалімдеріне әрқайсысын ел мақтанышы деп атауға болатын танымал ел азаматтарымен кездесуге мүмкіндік беретін бірегей алаң құрды. Ақпан айында ...

Толығырақ »

Ауыл балаларын қуантқан Ақниет

Батысқазақстандық Ақниет Асқаров қардан жасаған мүсіндерімен ауыл адамдарын таң қалдырды. Шеберлігімен көзге түсіп жүрген оқушының қолынан шыққан ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері кішкентайлардың да ермегіне айналды.   Облыс орталығынан шалғайдағы Қаратөбе ауданына қарасты Сулыкөл ауылынында тұратын Ақниет – Қалдығайты орта мектебінің 8-сынып оқушысы. Кішкентайынан еңбекқор болып өскен Ақниет – елгезек, үлкен-кішіні сыйлай білетін кішіпейіл. Оның үстіне темірден, шыбықтан, ермексаздан түрлі дүниелер жасайтын таланты ...

Толығырақ »

КОЛЛЕДЖДЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ: ЕНДІ 107 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ТЕГІН ОҚИ АЛАДЫ

 2022 жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 000 орынға артады. 107 мың қазақстандық студент колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алады.  Естеріңізге салайық, 9-сынып бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады. «Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше ...

Толығырақ »

БІРЛЕСКЕН ЖОБА БАСТАУ МАҚСАТЫНДА ҚР БҒМ АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университетінің президенті доктор Р. Роббинспен және АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасының спикері Р. Бауэрспен онлайн-кездесу өткізді. Күн тәртібінде стратегиялық серіктестік және Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу мәселелері талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Кездесу барысында ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ: ИМИДЖ НЕМЕСЕ РАЦИОНАЛИЗМ БЕ?

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Арман-Отан-Мәңгі ел»  қазақ халқының дәстүрлері: имидж немесе рационализм бе? деген тақырыпта пікір-талас өтті. Пікір-таласқа «Foundation» факультетінің оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан ата-баба дәстүрі бүгінде ұмтылуға айналғаны рас. Қалалық жерлердегі өмір салты мүлде басқа екені белгілі. «Ақсарбас», Ерулік беру», «Көрімдік сұрау», аяққа жығылу» т.т дәстүрлеріміз теріскей өңірінде жоғалғаны ...

Толығырақ »