Home » Жаңалықтар » Астанадан келген хат

Астанадан келген хат

        Хат алмасудың ең жеңіл әрі қарапайым түрі — Ол уатсап жүйесі екені бәрімізге белгілі. Дамылсыз келіп жатқан хаттардың біріне ерекше тоқталғым келді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №85 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Альжанова Дана Қабылкешқызының хаты. Амандық саулықтан соң бірден оқушысы жайында сөз қозғаған екен. Оқушысын мақтан еткен ұстаздан айналайын. Бірақ Дана Қабылкенқызы орыс сыныптарында жұмыс жасаймын болып шықты. Деседе, хатының соңына дейін оқуды жөн көрдім.  Инстаграм парақшасындағы «Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңінде қазақ, орыс сыныптары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен 3-сынып оқушым Кузина Анна жүлделі 2 орынға ие болды!!! Жарайсыз, Анна!» — деген жазбаларды қоса жіберіпті. Бәрекелді дедік. Тағы бір сөзінде «Бұл қажырлы еңбек пен асқан жауапкершіліктің нәтижесі! Осы жұмысымызда Аняның анасы Анастасия ханымға үлкен алғысымды білдіргім келеді!!! (Ғылыми жұмысымызды қорғаудың алдында Аня ауруханада жатқан болатын, жазылғанына 1-2 күннен кейін жұмысымызды ойдағыдай қорғады!) Аняға биіктерден көріне беруіне тілектеспін, өмірдің барлық жақсылығын тілеймін!!!» — деп ағынан жарылған екен. Ата-ана мен ұстаздың және оқушының үштік бірлестігінің ынтымақтастығы деп ұқтым.

Ресбуликалық «ВILIM AINASY»
жобаларының негізін қалаушы:
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.