Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 10)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕН ГАРВАРДҚА: СЕЛІМЖАННЫҢ ГРАНТЫ

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Селімжан Чалышкан Гарвард университетінің білім грантына ие болды. Селімжан Чалышкан – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ең талантты оқушыларының бірі. Оқушы биологиядан Қазақстан олимпиадалық командасының құрамына кіреді. Селімжанның қоржынында – Тегерандағы International Biology Olympiad – 2018 сайысының қола медалі, сондай-ақ республикалық алтын және қола медальдар бар. Ғылыми жетістіктерінен бөлек инновациялық жобалар жасаудан табысты ...

Толығырақ »

Тиімді сабақ: зерттеулер мен тәжірибелер

2019 жылдың 30 наурызында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Тиімді сабақ: зерттеулер мен тәжірибелер»  халықаралық  конференциясы өтті. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи тұрғыдан сабақты жоспарлау – уақыт талабы. Осыған орай өңіріміздің педагогтеріне арналған дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылған болатын.  Аталмыш конференцияға жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, мектеп тренерлері, аудандық (қалалық)  оқу бөлімінің әдіскерлері, ...

Толығырақ »

АЛТЫН, КҮМІС, ҚОЛА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ҚОРЖЫНЫНДА

25-30 наурыз аралығында Сыр өңірінде өткен қоғамдық-гуманитралық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш жүлделі орынды иемденді. 10-сынып оқушысы Гүлдана Сәбитова олимпиадада «Қазақ тілі және әдебиеті» секциясында еліміздің 47 үздік оқушысымен бақ сынасып,  жеңіс тұғырынан көрінді. «Бірінші кезеңде Жастар жылы аясы тақырыбында шығарма жаздық. Екінші күні грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды орындап, морфологиялық талдау жүргіздік.  Биылғы жылдың ерекшелігі, ...

Толығырақ »

Шахмат бойынша «Ақбозат» республикалық жарысында павлодарлықтар алтын медальға ие болды

24-31 наурыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында классикалық шахматтан «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының финалдық ойындары өтті. 9-11 сынып оқушылары арасындағы категоряда Павлодар қаласы  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі  1-орынды иеленіп, турнир кубогымен және І дәрежелі  дипломдармен марапатталды. Команда құрамында өнер көрсеткен өрендер: Биксұлтанов Диаз, Сапархали Ильяс, Нұрахметов Арнұр және Смогулова Томирис. Команда жаттықтырушысы, мектебіміздегі шахмат үйірмесінің жетекшісі  — Арман Габдушев. ...

Толығырақ »

Ришат Ресейді мойындатты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ришат Еркінбек ХХ бүкілресейлік жоғары сынып оқушыларының  «Ғылым мен техникадағы жас зерттеушілер» атты зерттеу жұмыстары конференция-сайысында  1 орынға ие болды.  Сайысқа «Линейная Эрозия» жобасымен қатысты.  Осы арқылы тиісті сала мамандарының назарын Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылындағы жыралардың пайда болуымен оның қоршаған ортаға тигізер әсеріне аударғысы келген. — Жобаны қорғау үшін бір ...

Толығырақ »

«ROBOLAND 2019»да алтын медаль

Робот техникасы, бағдарламалау және инновациялық технологиялар «ROBOLAND 2019» V Халықаралық фестивалінде Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 1-орын жеңіп алды. Фестиваль 2019 жылдың 29-30 наурызында Қарағанды қаласында өтті, білім бәйгесіне биыл еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, Ресейдің 4 облысы, Өзбекстан мен Италиядан келген 300 команда бақ сынасты. Бас-аяғы 600-ден аса қатысушы екі күн бойы өздері жасаған бағдарламалар мен роботтарының артықшылықтары ...

Толығырақ »

Ұлы даланың Ұлы есімдері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды бірыңғай кешенді жүйесі қалыптасқан. Тәрбие жұмысының басты ерекшелігі —  білім беру мен тәрбиенің бірлігі. Осы орайда тәрбие жұмысы бойынша тәлімгерлік сағаттар мен шаңырақ сағаттарды оқушылардың күнделікті пәндер бойынша меңгеріп жатқан академиялық білімдерімен ұштастыра өткізілетін кіріктірілген тәлімгерлік сағаттардың тиімділігі зор. Оқушыларға Рухани жаңғыруға бағытталған өлкетану-  патриоттық тәрбие беру идеяларының негізі ретінде  өлкеміздің тарихында ерекше орын ...

Толығырақ »

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары мен Зияткерлік мектептердің 9-12 сынып оқушылары арасында эссе жазу сайысы ұйымдастырылды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Жастар — қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші» («Рухани Жаңғыру») және «Астана — Евразияның бизнес, мәдениет және ғылыми орталығы» тақырыптарында ағылшын тілінде «Discover Kazakhstan» (Қазақстанды жаңа қырынан танып біл) аясында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары мен Зияткерлік мектептердің 9-12 сынып оқушылары арасында эссе жазу сайысы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа ашу, шетелдік азаматтарды мәдениет, дәстүрлер, ...

Толығырақ »

Арқалы ақынмен жүздесу

  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасы өскелең ұрпақтың бойына адами қасиеттерді сіңірумен қатар, ұлттық болмыс, қазақы қазыналарды жете меңгеріп өсуге тәрбиелейтін үлкен бір жанұяға айналып келеді. Ұлтқа деген сүйіспеншіліктің бастауы елдің тарихы мен әдебиетінде, төл мәдениеті мен салт-дәстүр, әдет-ғұрпында екенін жақсы түсінген жатақхана тәрбиешілері өз шәкірттері үшін мағыналы-мәнді шараларды жиі ұйымдастыруда. Жуырда Жастар жылының аясында тағы бір ...

Толығырақ »

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар мен балалармен «Тату отбасы» бағдарламасы бойынша  кездесу өз мәресіне жетті. Бұл кездесуде ата-аналар балалардың өздерін жақсы ұстаған жағдайда, оларды қалай мақтау керектігін үйренді және балалардың өздерін тәртіпті әрі жақсы ұстау үшін және жақсы қарым-қатынас құрау үшін әртүрлі сыйақылар мен марапаттарды қолдануды үйренді. Оқушылар стресске әкелетін жағдайларды анықтауға, стресстің белгілерін анықтауға, стресспен күресу жолдарын іздеуге ...

Толығырақ »