Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » Шахмат бойынша «Ақбозат» республикалық жарысында павлодарлықтар алтын медальға ие болды

Шахмат бойынша «Ақбозат» республикалық жарысында павлодарлықтар алтын медальға ие болды

24-31 наурыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында классикалық шахматтан «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының финалдық ойындары өтті. 9-11 сынып оқушылары арасындағы категоряда Павлодар қаласы  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі  1-орынды иеленіп, турнир кубогымен және І дәрежелі  дипломдармен марапатталды. Команда құрамында өнер көрсеткен өрендер: Биксұлтанов Диаз, Сапархали Ильяс, Нұрахметов Арнұр және Смогулова Томирис. Команда жаттықтырушысы, мектебіміздегі шахмат үйірмесінің жетекшісі  — Арман Габдушев. Үздік команда атағына Астана қ., Алматы қ., Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан 9 команда бақ таластырған болатын. Алайда Павлодар облысының намысын қорғаған  біздің оқушылар оқ бойы озып,  бұл зияткерлік ойында басым түскен еді. Оқушылар мен жаттықтырушыны республикалық шахмат турниріндегі жеңісімен құттықтаймыз!

  • 6 күнге созылған турнирде команданың әр бір мүшесі бар күш-жігерін салып ойнады. Нәтижесінде 2 ойыншымыз Биксултанов Диаз бен  Арнур Нурахметов өз тақталарында ең үздік ойыншы дипломымен марапатталды.  Турнирде командалық есеп саналатындықтан, жеңіске жету жолында оқушыларымыздың әр қайсысы өздерінің сүбелі үлестерін қосты, — дейді жаттықтырушы Арман Габдушев.

Жеңіске жеткен оқушылардың бірі, әрі өз тақтасында үздік атанған 9 «D» сынып оқушысы Биксултанов Диаз:

  • Менің шахматпен айналысқаныма  10  жыл болды. Ең алғаш рет бұл ойынмен атам таныстырған болатын. Кішкентайымнан жарыстарға қатысып келемін, оған дейін  республикалық жеке есепте 3 орынды ғана жеңген болатынмын, осы жолы біздің командамыз ең үздік атанып, алтын медальға ие болдық. Болашақта шахматтан әлем чемпионатына қатысуды мақсат етіп қойдым өзіме, — дейді.

 

Рымгүл Божақанова,
Павлодар қаласы  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.