Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Даяна үздіктер қатарында

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білімге ғана емес, өнерге құштар шәкірттер жетерлік. Солардың бірі 8 сынып оқушысы Даяна Мақұлбаева. Сазды әуенге жаны құмар жас талант өзінің алар биігі әлі алда екенін әркез дәлелдеп келеді. Жуырда ол «Бала шабыты» Халықаралық конкурстық жобасының «Generation Z» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында 1 орынды жеңіп алды. Елордамыз Астана қаласында өткен өнер ...

Толығырақ »

ЖАҢА «MOVIE TALK» ОЙ БӨЛІСУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мағынасы терең, тағлымы биік, ойы ұшқыр фильмдерді өзге көрермендерге таныстыру мақсатында «Movie talk» жаңа жобасы өз жұмысын бастады. Ой бөлісу алаңында оқушылар өздері көрген белгілі бір фильмнің мазмұнын қысқаша баяндау  арқылы  өзге жастардың қызығушылығын арттыра түсуде. Жоба ұйымдастырушысы педагог-куратор Дина Аширбаеваның айтуынша,  әр сыныптан бір оқушы спикер болып таңдалынып, олар аз уақыт ішінде көпшілік алдында ...

Толығырақ »

Атымды Көкбай ақынның қызының құрметіне қойған

Қоғамда өзінің сүйікті ісіне ғұмыр бойы адал жандар кездесіп тұрады. Оларға заманның аумалы-төкпелі болуы, болмаса  қызмет барысында бетпе-бет келетін қиындықтардың өзі кедергі бола алмайды. Бұл өзі қалаған, ұнатқан мамандыққа деген сүйіспеншіліктің арқасы. Кәсібін нәсіп қана емес, өмірінің мәні деп білетіндердің бірі – Қалжан Төкенқызы Омарбаева. 28 жылдық еңбек өтілінде тек қана ұстаздық жолда келе жатқан кейіпкеріміз Қазақстанның жарқын болашағына баланатын ...

Толығырақ »

Республикалық олимпиадасында бірінші орынды иеленді

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12А сынып оқушысы Сарсенбаева Аяжан Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің электронды журналистика бойынша Республикалық олимпиадасында бірінші орынды иеленді. Осыған орай, ол «МУИТ» АҚ-да оқуға 100% жеңілдік грантына ие болды. Олимпиада екі турдан тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар интернет желісі арқылы жастар жылына арналған 10 тақырыптың біріне эссе жазып жіберу арқылы үздіктер анықталды. Екінші кезең университетте өтті. Олимпиаданың ...

Толығырақ »

Мектепішілік біріншілік аяқталды

Жер бетінде кеңінен тараған спорттың түрі – баскетбол. АҚШ-тың  Массачусетс штаты Спрингфилд қаласында колледж оқытушысы Джеймс Нейсмитке қазір баскетбол табынушылары мың алғыс айтатын болар. Өйткені, осы адам бүгінгі баскетболдың атасы саналады.  Ғасырдан артық тарихы бар спорттың бұл түріне Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да қызығады. Мектепішілік жарысқа қатысушылардың көптігі өз алдына сабақтан  тыс уақытта баскетболдың ойнау тәсілін ...

Толығырақ »

Дариға – «Miss NIS 2019» сайысының жеңімпазы

8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде дәстүрлі «Miss NIS» сайысы кезекті мәрте ұйымдастырылды. Сайысқа 9-10 сынып қыздары арасынан 8 бойжеткен қатысып, өзара бақтарын сынады. Сайыс 4 кезеңнен тұрып, әр қатысушының жеке қырларын ашып көрсетуге мүмкіндік берілді. Берілген осы талаптар бойынша сахнаға көтерілген әр үміткер алдымен өздерін таныстырды. Таныстырудың өзіне ерекше мән берген оқушыларымыз өздері жайлы толық ақпарат беретін ...

Толығырақ »

Қос домбырашымыздың жеңісі

  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыраның құлағында ойнайтын талантты оқушылар аз емес. Солардың қатарында 8 сынып оқушылары Адлен Ролланұлы мен Балжан Аликенованың шоқтығы биік. Жуырда осы қос талантымыз  «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының ұйымдастырылуымен өткен «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында топ жарды. Байқаудың домбыра жанры бойынша бақтарын сынаған олар бірі бас жүлде, бірі 1 ...

Толығырақ »

Биатлоннан дәстүрлі жарыс өтті

Дені сау ұлт – мемлекет байлығы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғам алдына қойып отырған міндетінің бірі – салауатты өмір салтын ұстану. Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту ісіне Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене тәрбиесі және эстетика әдістемелік бірлестігі де өз үлестерін қосып келеді. Мектепішілік түрлі жарыстарды жүйелі ұйымдастырып отырған дене тәрбиесі мұғалімдері бұл жолы оқушылар мен ұжым мүшелері үшін 2 күн ...

Толығырақ »

«Redamancy» – би патшайымдары

Оқу жылы басында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар қызығушылығын тудырған сайыс басталған болатын. «World of Dance» аталған би бәсекесі «ә» дегеннен өзінің қатысушыларының көптігімен ерекшеленді.  Білім ошағымыздың 7-11 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған өнер бәйгесіне 15 топқа біріккен 50 үміткер қатысуға ниет білдірді. -Мектеп тарихында дәл осындай ауқымды жоба екінші мәрте өткізіліп отыр. Биылғы сайысты өткізу идеясын мектебіміздің ...

Толығырақ »

«Екі жұлдыз» байқауы жаңа таланттарды танытты.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларына арналған «100 ән» жобасының аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – оқушы мен ұстаз, ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа таланттарды анықтау. Білім ошағымыздың тәрбие бағытының бірс аласына енетін жоба дәстүрлі түрде 3 -ші мәрте қолға алынды. – Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластық ...

Толығырақ »