Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 8)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Пилоттық мектеп тәжірибе алмасты

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңартылған білім беру мазмұның апробациялау бойынша пилоттық жоба аясында Киевка кентінің №2 орта мектебіне кезекті тәжірибе алмасуға барып қайтты. Химия, биология, физика, география, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері командалық оқыту өткізді. Мұғалімдер белсенді оқыту формалары мен көптеген тәжірибелерді тиімді қолданып үйренгендерін практикада көрсете алды.Сонымен қатар Зияткерлік мектеп ұстаздары оқу сауаттылығы, жиынтық бағалауды құрастыру мен өткізудің әдіс тәсілдері, ...

Толығырақ »

Рүстем Ресейден жүлдемен оралды.

Сәуір айының соңғы аптасында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында  химия пәнінен 53-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады. Тіптен Қытайдың ұлттық құрама командасы алғаш рет қатысып, нағыз  «Титандар шайқасы» болды. Еліміздің командасы құрамында республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы Қазақстан намысын қорғады. Солардың бірі ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев – Павлодардағы Зияткерлік мектепте

27 сәуір күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Мәртебелі мейманды  білім ордасының директоры Ринат Жұмабаев қарсы алып,  Президентті мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты. –  2013 жылы ашылған білім ордасында қазіргі таңда 644 оқушы білім алуда. Бүгінде зияткерлік мектеп оқушылары 33 патентке және 57 инновациялық жоба иегерлері. Биыл 118 оқушы мектеп бітіреді, ...

Толығырақ »

Ұлы дала мұрагерлері Атырау сахнасында

Атырау қаласындағы Зияткерлік мектеп дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» шығармашылық есебін өткізді. Көптен күткен шараға Зияткерлік мектептің оқушылары, ұстаздары, ата-аналар қауымы және биыл алғаш рет облыстағы пилоттық мектептердің тәрбиеленушілері қатысты. Жастар жылына орай ұйымдастырылған шара балалардың  ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиедегі жетістіктеріне арналды. Екі кезеңде өткен шығармашылық есепте қонақтарға білім алушылардың жаратылыстану және математика бағытындағы ғылымдарды игерген инновациялық жобалары ұсынылды. «Клиностат арқылы өсімдіктерді ...

Толығырақ »

Мектеп оқушыларының Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдармен кездесті

1986 жылғы 26 сәуірде адамзат тарихында қорқынышты апат болды. Бұл күн – 33 жыл өткеннен кейін, біздің адам өмірінің ықтимал зардаптары, өмірін қауіп-қатерге тіккен, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдарға төленбейтін қарыз туралы ойлануымызға жетелейді. Апаттың алдын алу үшін батыл да жауапты, ел мен халқына адал, адамгершілік қасиеттері мол адамдар жіберілді. Апат туралы естелік біздің халқымыздың жадысында мықты сақталады. Чернобыль апатын ...

Толығырақ »

АҚТАУДА 800 АДАМ КІТАП СЫЙЛАДЫ

23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күнінде Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ден астам адам бір-біріне кітап сыйлады. Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Шара биыл үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қатысушылардың қызығушылығы артқанын өткен жылғы статистикалармен салыстыру арқылы анықтай аламыз.. Алғашқы жылы 790 адам қатысса, өткен оқу ...

Толығырақ »

Хореография бойынша халықаралық конкурс

2019 жылы 20 сәуірде С. Сәпиев атындағы бокс орталығында WADF Әлемдік әртістік федерациясының нұсқасы бойынша Ашық әлем чемпионаты өтті. Қазылар алқасының құрамында Швециядан атақты хореограф Nils-Hakan Carlzon WADF Президенті , Швейцариядан — Esteban Isnard, Ресейден-Элина Широкая және Шмалько Ирина, Қырғызстаннан — Авилхан Назгүл болды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Алтын-Ай» би тобының хореографиялық ансамблі, конкурс нәтижесі бойынша, «Халық биі»номинациясында жүлделі ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептегі Наурыз мерекесі         

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Наурыз мейрамын атап өтті. Ұлыстың Ұлы күнін қар көбесі сөгіліп, жер аяғы кеңігенде мерекелеу жаңалық емес. Білуімізше, қазақ даласының өзінде ғана климаттық жағдайға байланысты жыл басы 40 күнге дейін тойланған деген дерек бар. Осы дерекке сүйене отырып, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар біріге отырып, әз – Наурызды өткерді. Мектеп ауласына 12 ақ шаңқаң киіз үй ...

Толығырақ »

Республикалық сайыста жеңіске жетті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жерді сақтайық» атты республикалық шешендік өнер сайысында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Алматы қаласындағы халықаралық мектептің базасында өткізілген сайысқа Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның ассосацияланған мектептердің оқушылары ғана қатыстырылды. Оқушылар шығармашылығын насихаттау, әртараптандыру мен әр адамның әлемдік кеңістікте өз орны бар екенін түсіндіруге бағытталған сайыс өскелең ұрпақтың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін арттыру, қоғамдық өмірге белсене араласуға жол ашу, рухани ...

Толығырақ »