Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 12)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

Дариға – «Miss NIS 2019» сайысының жеңімпазы

8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде дәстүрлі «Miss NIS» сайысы кезекті мәрте ұйымдастырылды. Сайысқа 9-10 сынып қыздары арасынан 8 бойжеткен қатысып, өзара бақтарын сынады. Сайыс 4 кезеңнен тұрып, әр қатысушының жеке қырларын ашып көрсетуге мүмкіндік берілді. Берілген осы талаптар бойынша сахнаға көтерілген әр үміткер алдымен өздерін таныстырды. Таныстырудың өзіне ерекше мән берген оқушыларымыз өздері жайлы толық ақпарат беретін ...

Толығырақ »

Қос домбырашымыздың жеңісі

  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыраның құлағында ойнайтын талантты оқушылар аз емес. Солардың қатарында 8 сынып оқушылары Адлен Ролланұлы мен Балжан Аликенованың шоқтығы биік. Жуырда осы қос талантымыз  «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми — әдістемелік журналының ұйымдастырылуымен өткен «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында топ жарды. Байқаудың домбыра жанры бойынша бақтарын сынаған олар бірі бас жүлде, бірі 1 ...

Толығырақ »

Биатлоннан дәстүрлі жарыс өтті

Дені сау ұлт – мемлекет байлығы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғам алдына қойып отырған міндетінің бірі – салауатты өмір салтын ұстану. Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту ісіне Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене тәрбиесі және эстетика әдістемелік бірлестігі де өз үлестерін қосып келеді. Мектепішілік түрлі жарыстарды жүйелі ұйымдастырып отырған дене тәрбиесі мұғалімдері бұл жолы оқушылар мен ұжым мүшелері үшін 2 күн ...

Толығырақ »

«Redamancy» — би патшайымдары

Оқу жылы басында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар қызығушылығын тудырған сайыс басталған болатын. «World of Dance» аталған би бәсекесі «ә» дегеннен өзінің қатысушыларының көптігімен ерекшеленді.  Білім ошағымыздың 7-11 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған өнер бәйгесіне 15 топқа біріккен 50 үміткер қатысуға ниет білдірді. -Мектеп тарихында дәл осындай ауқымды жоба екінші мәрте өткізіліп отыр. Биылғы сайысты өткізу идеясын мектебіміздің ...

Толығырақ »

«Екі жұлдыз» байқауы жаңа таланттарды танытты.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларына арналған «100 ән» жобасының аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – оқушы мен ұстаз, ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа таланттарды анықтау. Білім ошағымыздың тәрбие бағытының бірс аласына енетін жоба дәстүрлі түрде 3 -ші мәрте қолға алынды. — Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластық ...

Толығырақ »

Атырауда кітаптардан жасалған торттар көрмесі өтті

Тәтті кітаптар көрмесі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қалың оқырманның кітапқа деген қызығушылығын қайта жаңғыртуға арналған «Kitap-Fest» жобасы аясында ұйымдастырылған. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, баланы оқыту мен тәрбиелеуге арналған кітаптар фестивалінде қазіргі ата-ана мен педагогқа қажет заманауи үздік 16 әдебиет оқуға ұсынылған. Оқырман мәдениетін қалыптастыру және отбасылық кітап оқуды қайта дәріптеуге арналған шараға оқу орынның 16 Шаңырақ оқушылар қауымдастығы, ата-аналар мен ұстаздар ...

Толығырақ »

Бала тәрбиесіне бей-жай қарамалық

Мықты отбасы —  кез-келген мемлекеттің мызғымас тірегі. Шаңырақ тұтастығы оның әрбір мүшесіне де байланысты. Олардың ауызбіршілікте болып, кіші үлкенді сыйлап, үлкен кішіге ізет көрсетіп тұрса бақытты жанұя деген сол емес пе? Еліміздегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қарасты білім ошақтарының барлығында бір демде ұйымдастырылған «Берік отбасы» жобасы БҰҰ бірлесіп, Ұлыбританиядағы атақты Оксфорд университетінің ғалымдары дайындаған бағдарламасының негізінде жүзеге асуда. 10-14 жас ...

Толығырақ »

«ТӘТТІ» КІТАПТАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тұңғыш рет «Tasty books» фестивалі өткізілді. Оқушылар оқыған сүйікті кітаптарды бейнелейтін кондитерлік өнімдерді әзірлеуден өзара сайысты. Жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған ерекше шараға мектептің 14 шаңырағы қатысты. Командалар тәттілерден сүйікті кітап мұқабасы мен кейіпкерлерін жасаудан сайысқа түсті.  Кондитерлік өнімдерде Экзюперидің «Маленький принц»,   Гогольдің «Ночь перед рождеством» және Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» секілді шығармалары мен ...

Толығырақ »

Мектептегі «Көшбасшылар кеңесін» ұлықтау

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Көшбасшылар кеңесі» қайтадан сайланып, оларды ұлықтау рәсімі өтті. Бұл мектеп тарихындағы 8-ші жаңа құрам. Мектеп акт залында оқу мен шығармашылықта алда жүретін озат оқушылардан құралған кеңес Президенті мен мүшелерін көпшілікке салтанатты түрде таныстырылды. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар қатысты. —  «Көшбасшылар кеңесі» — мектептегі ұстаздардың көмекшісі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, білім ...

Толығырақ »

Ғалымның аты жаңғырған олимпиада

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика әдістемелік бірлестігі белгілі ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қажи Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтановтың атында 5-6 сынып оқушылары үшін математикадан І аймақтық олимпиада өткізді. Олимпиадаға 130-ға жуық оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бар ғылымның атасы саналатын есепке кімнің жүйрік екендігін анықтады. Олимпиада аясында әдістемелік-тәжірибелік конференция қоса өтіп, мектеп мұғалімдерінің көкейінде жүрген өзекті мәселелер ортаға салынды. — ...

Толығырақ »